RU

Өзбекстанда тәуелсіздік күніне арналған ресми іс-шаралар кейінге қалдырды

Өзбекстан билігі 1 қыркүйек күні атап өтілетін Тәуелсіздік күнінің ресми салтанатын кейінге қалдырды. Бұл туралы ВВС ақпарына сүйенген ras.kz хабарлады.

Өз мәнбесіне сүйенген «Би-би-си» агенттігі мұндай шешімнің қабылдану себебі белгісіз екенін атап өткен. Басылым бұл шараның өзбек президенті Ислам Каримовтың шұғыл ауруханаға жатқызылуымен қаншалықты қатысы бар екенін анықтай алмаған болып шықты.

Тамыздың 27-сі күні 78 жастағы Ислам Каримов миына қан құйылып кетуі себепті ауруханаға жатқызылған болатын. Өзбек оппозициясының Рио Олимпиадасынан оралған спортшыларға құрмет көрсетуге арналған банкет барысында «спиртті ішімдіктерді шамадан тыс қолданған» мемлекет басшысының есінен танып құлағанын мәлімдеді. Ал 29 тамыз күні кешке «Ферғана» агенттігі республика көшбасшысының қайтыс болғаны туралы хабарлады. Алайда, РИА «Новости» өзбек президентінің аппаратындағылар бұл мәліметті жоққа шығарған жазған.

«Ферғананың» бас редакторы артынша елдің билігінен республика басшысының денсаулық жағдайы туралы мәліметтерді жұрттан жасырмауды, мұның орнына Каримовтың науқасы туралы анықтаманы ұсынуды немесе оның тірі қалпын көрсетуді талап етті.

Ислам Каримов Өзбекстанды 1989 жылдан бері үзіліссіз басқарып келді. Ол сол жылы алдымен Өзбекстан компартиясы орталық комитетінің бірінші хатшысы болып сайланды. Ал 1991 жылдың сәуір айында республиканың бірінші президенті болды.

Тағы оқыңыздар:

Ақтөбедегі теракт: Шабуылдан көшеде «бас тартқан» діндардың хикаясы

Қазақстан балуандары Бейжің мен Лондон Олимпиадасында алған медальдарынан айырылуы мүмкін

Құлсарыдағы қос ғашықтың бір-біріне деген адалдығына ел сүйсінді (фото)

Рио Олимпидасының қола медалі қазақстандық ауыр атлет Денис Улановқа берілуі мүмкін

Мұхтар Шахановтың өлеңін қазақша жатқа оқыған орыс қызы елді тәнті етті (видео)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1236307-ozbekstanda-tauelsizdik-kuni-meyram.html