Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ислам Каримовтың жағдайы белгісіз күйде қалып тұр

Опубликовано:

Өзбекстан президенті, 29 тамызда ауруханаға түскені хабарланған Ислам Каримовтың денсаулығы қандай жағдайда екені әлі белгісіз күйде қалып тұр деп хабарлайды Азаттық.

30 тамызда "Ферғана" агенттігі аты-жөні аталмаған дереккөзіне сілтеме жасап Ислам Каримовтың "қайтыс болғанын" хабарлаған. Ал өзге ақпарат құралдары, оның ішінде ресейлік "Интерфакс" агенттігі оның тірі екенін хабарлаған. Ресей президенті Владимир Путиннің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков 30 тамызда Кремль Каримовтың денсаулығына қатысты "жаңа ақпарат алмағанын" және Мәскеу үшін өзбек президентінің денсаулығына қатысты пікір беру "жөнсіз болатынын" мәлімдеген.

Өзбекстанның министрлер кабинеті 28 тамызда Ислам Каримовтың ауруханаға түскенін растаған. Өзбекстан министрлер кабинеті таратқан бұл хабар Каримовтың денсаулығы туралы алғашқы ресми хабар болды. Хабарламада өзбек президентінің дәрігерлерге қаралып жатқаны айтылып, ол ақпарат тұңғыш рет жергілікті телеарнадан берілді. Дәрігер оны "тексеру мен емдеу біраз уақытқа созыларын" айтқан.

Ал 29 тамызда Каримовтың кіші қызы Лола Каримова-Тилляева Instagram-да әкесіне қатысты "Сенбі күні таңертең миына қан құйылғандықтан ауруханаға түсіп, қазір жансақтау бөлімінде жатыр. Жағдайы тұрақты. Қазір оның алдағы ахуалына қатысты болжам айтуға әлі ерте" деп жазған.

Ислам Каримов 1 қыркүйекте Өзбекстан тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған салтанатты шараларда ел алдына шығады деп жоспарланған.

78 жастағы Ислам Каримов Өзбекстанды 1989 жылдан - Өзбек ССР коммунистік партиясы орталық комитетінің бірінші хатшысы болған кезден бері басқарып келеді. Ол 1990 жылы Өзбек ССР-інің, ал 1991 жылы Өзбекстанның президенті болып сайланған. Ислам Каримов бес рет президент сайлауына түскен. Елдегі соңғы президенті сайлауы 2015 жылы өткен.

Тағы оқыңыздар:

Ақтөбедегі теракт: Шабуылдан көшеде «бас тартқан» діндардың хикаясы

Қазақстан балуандары Бейжің мен Лондон Олимпиадасында алған медальдарынан айырылуы мүмкін

Құлсарыдағы қос ғашықтың бір-біріне деген адалдығына ел сүйсінді (фото)

Рио Олимпидасының қола медалі қазақстандық ауыр атлет Денис Улановқа берілуі мүмкін

Мұхтар Шахановтың өлеңін қазақша жатқа оқыған орыс қызы елді тәнті етті (видео)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1236386-islam-karimovtynh-zhaghdayy-belgisiz-ku/

pixel