RU

Атырауда Конституцияны жатқа айтқан студентке білім гранты берілді

29 тамыз күні Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев Конституция Күніне орай өткен жиналыста АМУ-дың 4-курс студенті Ақнұр Нұртаеваға білім беру грантының сертификатын тапсырды деп хабарлайды Ақжайық.

«Экономика және құқық» факультетінің 4-курс студенті Атырау облысының әкімдігі жастар арасында ұйымдастырған «Сен Конституцияны жатқа білесің бе?» байқауының жеңімпазы атанды.

Байқау барысында қатысушылар Конституция бабтары көрсетілген жетон таңдап, сол бапты толық айтып беруі тиіс болатын. Ақнұр еліміздің Ата заңымыздың 70 бабын жатқа білетін болып шықты. Енді ол соңғы курсты мемлекет есебінен оқитын болады.

Тағы оқыңыздар:

Ақтөбедегі теракт: Шабуылдан көшеде «бас тартқан» діндардың хикаясы

Қазақстан балуандары Бейжің мен Лондон Олимпиадасында алған медальдарынан айырылуы мүмкін

Құлсарыдағы қос ғашықтың бір-біріне деген адалдығына ел сүйсінді (фото)

Рио Олимпидасының қола медалі қазақстандық ауыр атлет Денис Улановқа берілуі мүмкін

Мұхтар Шахановтың өлеңін қазақша жатқа оқыған орыс қызы елді тәнті етті (видео)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1236438-atyrauda-konstituciyany-zhatqa-aytyp-s.html