RU

Ақтау тұрғындары Назарбаевтан 6 жасар қызды зорлаған адамның жазасын қатаңдатуды сұрап отыр

Ақтау тұрғындары 6-жасар қызды зорлаған адамның жазасын қатаңдатуды сұрап президентке хат жазып, қол жинап жатыр деп хабарлайды Tumba.kz сайтына сілтеме жасап NUR.KZ.

Зорланған алты жасар қыз туралы жаңалық Маңғыстау облысында жаппай талқыланып жатыр. Бұл оқиғаға ешбір адам бей-жай қарай алмады. Оқиғаның қалай болғаны туралы және оны жасаған адамға қатысты әлеуметтік желілердегі ақпараттардан көз сүрінеді.

Ақтаулықтар Алтынгүл мен Анна таяу күндері президент Нұрсұлтан Назарбаевқа жіберетін петицияға қол жинап жатыр.

Алтынгүл Ахметова облыс тұрғындарына үндеу тастап, оны желідегі парақшасына жариялады.

«Құрметті маңғыстаулықтар және ниет білдірушілер! Бұл хатты әріптестеріңізбен, достарыңызбен, таныстарыңызбен бөлісуіңізді сұраймыз! Біз хат мазмұнымен келісетін тұрғындардан қол жинап жатырмыз! А4 форматындағы қағазды алып, аты-жөніңізді жазып, жанына қолыңызды қойсаңыз жетіп жатыр. Қолдың неғұрлым көп қойылғаны жақсы! Қол қойылғандар тізімін 28 а шағын ауданы, 9-үй мекенжайы бойынша әкеп табыстауды сұраймын. Себебі, 31 тамызға дейін әрбір адамның үйіне барып жүре алмаймын. 1 қыркүйек күні хатты Астана кеңсесіне жібереміз. Менің нөмірім 87717536798. Бей-жай қарамауларыңызды сұраймын!», - деп жазды ол.

Аннаның айтуынша, қол қоям деушілер тікелей оның жұмысына ағылып жатыр екен.

«Қол қоям деушілер көп, осында келіп жатыр. Бұған ешкім де бей-жай қарай алмады, соңы немен бітер екен деп алаңдап отыр. Бүгін Алтынгүл петицияның мәтінін әкеледі, оны жиналған қолдарға қосамыз. Сонымен бәрі дайын», - деді ол.

Хатты жіберу мерзімі екінші қыркүйекке ауыстырылған. Себебі, ата-аналар хабарласып, қолдарды мектептерден жинап алғанша күте тұруды сұрап отыр. Бүгінгі күні оннан астам параққа қол қойылып үлгерген.

Еске сала кетсек, 20 тамыз күні Ақтау қаласында жантүршігерлік оқиға орын алды. Белгісіз біреулер 6 жасар қызды ұрлап, кейін аяусыз зорлап кеткен. Ал қазіргі таңда қыз баланың жағдайы өте ауыр деп бағалануда.

Тағы оқыңыздар:

Танымал журналист Орта Азияны тәліптерден сақтап тұрған өзбектің қуаты екенін айтты

Ислам Каримовтың жағдайы белгісіз күйде қалып тұр

Қазақтарды "қытай гастарбайтерлері" деп атаған ресейлік журналист Қазақстанға келе жатыр

Күтушіден таяқ жеген сәбидің анасы: Күтушінің қатты ұрғаны сонша, балам үш күн бойы есін жиған жоқ

Ақтөбедегі теракт: Шабуылдан көшеде «бас тартқан» діндардың хикаясы

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1236567-aqtau-turghyndary-nazarbaevtan-6-zhasar.html