RU

Ақтөбеде өзінің жүріп жүрген қызын алып қашқан жігіт істі болды

Ақтөбеде 26 жастағы жігіт өзінің жүріп жүрген қызын алып қашқан. Қылмыстық іс қозғалып, нәтижесінде ұрланған қыз үйіне қайтып келді. Бұл туралы Timeskz.kz сайтына сілтеме жасап NUR.KZ хабарлайды.

"22 тамызда сағат 21:00-де Ақжар-1 ауылынан 26 жастағы жігіт жүріп жүрген қызын ұрлап әкеткен. Ол Шұбар ауылының тумасы. Ұрланған қыздың туыстары полицияға арыз берді", - деп хабарлайды Ақтөбе облысы ІІД баспасөз хатшысы Ардагер Уайдин.

Тәртіп сақшылары қыз бен «ұрлықшыны» тез арада тауып алған. Қалыңдықты жігіт Темір ауданындағы Шұбар ауылындағы ата-анасының үйіне апарған екен. Қыздың әкесі қызынан үйге қайтуын талап етті. Ал болашақ күйеу баласы қыздың отбасына дәстүр бойынша құда түсіп баруға мәжбүр болды.

«Қыз үйіне оралды. Ал «Адам ұрлау» бабы бойынша қозғалған қылмыстық іс жабылды. Той да алыс емес секілді», - деді Ардагер Уайдин.

Тағы оқыңыздар:

Танымал журналист Орта Азияны тәліптерден сақтап тұрған өзбектің қуаты екенін айтты

Ислам Каримовтың жағдайы белгісіз күйде қалып тұр

Қазақтарды "қытай гастарбайтерлері" деп атаған ресейлік журналист Қазақстанға келе жатыр

Күтушіден таяқ жеген сәбидің анасы: Күтушінің қатты ұрғаны сонша, балам үш күн бойы есін жиған жоқ

Ақтөбедегі теракт: Шабуылдан көшеде «бас тартқан» діндардың хикаясы

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1236725-aqtobede-ozininh-zhurip-zhurgen-qyzyn-al.html