RU

Есболат Беделханның жаңа «шаш үлгісі» елді есеңгіретті (фото)

Танымал әнші, «Орда» тобының мүшесі желіге сурет салып, оны көрген қолданушылар таң-тамаша болысты деп хабарлайды NUR.KZ.

Әнші Есболат Беделхан суретте шашын екі жаққа бөліп, буып қойған. Оның бұл суретін көріп, оқырмандардың көңілі көтеріліп қалды.

Олар Есболатты «Бэтмен» кинокартинасының ойдан жасалған кейіпкері зұлым Харли Квинмен теңеді. Оқырмандарына үнемі көңілді суреттерді, видеоларды бөлісіп отыратын Есболаттың бұл образын көпшілік әзіл ретінде қабылдады.

«Өлтірдіңіз», «Панда ағай», «Харли Квиннің нақ өзі», «Есболат Квин», - деп әзілдегендер қатары аз болған жоқ.

Бірақ оның бұл кейпіне наразылығын білдірген қолданушылар да табылды.  «Еркек пе, қатын ба ? Азып барады-ау қазіргі заман»,- деп жазды наразы қолданушы.

Тағы оқыңыздар:

Танымал журналист Орта Азияны тәліптерден сақтап тұрған өзбектің қуаты екенін айтты

Ислам Каримовтың жағдайы белгісіз күйде қалып тұр

Қазақтарды "қытай гастарбайтерлері" деп атаған ресейлік журналист Қазақстанға келе жатыр

Күтушіден таяқ жеген сәбидің анасы: Күтушінің қатты ұрғаны сонша, балам үш күн бойы есін жиған жоқ

Ақтөбедегі теракт: Шабуылдан көшеде «бас тартқан» діндардың хикаясы

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1236762-esbolat-bedelkhannynh-zhanha-shash-ulgisi.html