RU

Индонезияда 145 жастағы ер адам тұрады (видео)

Жер бетінің ең кәрі ер адамы 145 жаста. Ява аралының тұрғыны Мбах Готоның айтуынша, ол 1870 жылы 31 желтоқсанда дүниеге келген деп хабарлайды islam.kz.

Қазір оның жүріп-тұруы қиынға түседі. Өздігінен тамақтануы да оңайға соқпай тұр. Готоның хабарлауынша, оның он шақты аға-әпкелері мен 4 әйелі болған. Қазір ол өзінің немере-шөберелерімен, шөпшектерімен бірге тұрады.

Мбах Гото ресми түрде әлемнің ең кәрі адамы болып саналмайды, себебі оның қажетті құжаттары жоқ. Готода тек төлқұжат бар, ал ол құжатта туған жылы оның айтуы бойынша жазылған. Сондықтан да әлемдегі ең кәрі тұрғын болып 122 жастағы франциялық Жанна Кальман есептеледі.

Тағы оқыңыздар:

Танымал журналист Орта Азияны тәліптерден сақтап тұрған өзбектің қуаты екенін айтты

Ислам Каримовтың жағдайы белгісіз күйде қалып тұр

Қазақтарды "қытай гастарбайтерлері" деп атаған ресейлік журналист Қазақстанға келе жатыр

Күтушіден таяқ жеген сәбидің анасы: Күтушінің қатты ұрғаны сонша, балам үш күн бойы есін жиған жоқ

Ақтөбедегі теракт: Шабуылдан көшеде «бас тартқан» діндардың хикаясы

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1236869-indoneziyada-145-zhastaghy-er-adam-turady.html