Выйти
RU

Ресми Ташкент: Ислам Кәрімов толық медициналық тексерістен өтуде

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Бұқаралық ақпарат құралдары Ислам Кәрімовтің қазасы туралы ақпарат таратуда. Ал осы арада Өзбекстан президентінің баспасөз қызметі ресми парақшада мемлекет басшысының медициналық тексерістен өтіп жатқаны туралы жазды деп хабарлайды "Хабар" арнасы.

Онда Ислам Кәрімовтің қызметіне қашан оралатыны туралы және жағдайы жайлы ешбір мәлімет берілмеген.  Ислам Кәрімовтің жағдайы туралы Өзбекстан билігі ешбір ресми мәлімдеме жарияламас бұрын, «Ферғана» Халықаралық ақпараттық агенттігі президенттің қаза болғаны туралы хабар таратқан болатын.

Алайда өзбек президентінің баспасөз қызметі бұл мәлімдемені жоққа шығарып, ресми парақшаларында Ислам Кәрімов ауруханада толық медициналық тексерістен өтіп, емделіп жатқанын жариялады. Өзбекстан басшысының денсаулығы сыр беріп жүргені жайлы мәліметтер соңғы кезде ақпараттық құралдарда жиі шыққан.

Мысалы, 2009 жылы президент екі рет комаға түсіп, сол уақыттан бері оның денсаулығы биологиялық стимуляторлардың көмегімен реттеліп келген. Дәл осындай жағдай 2013 жылы тағы қайталанғанда, жергілікті басылымдар президент инфаркт алып, ахуалы нашарлағанын жазған еді.

"Біз президенттің ауыр халде ауруханаға түскенін естідік. Тез сауығып кетсін дейміз. Еліміз қазір Тәуелсіздіктің 25 жылдығын тойлағалы отыр. Ел егемендігіндегі президенттің еңбегі елеулі. Сондықтан оған тек зор денсаулық тілейміз", - дейді Ташкент тұрғыны Гүлбадан Бегім.

Ал президент әзірге ем-дом қабылдап жатқанда, оның міндетін кім атқарады деген сауал туындауы заңды. Өзбекстан Конституциясының 96-бабында «Егер мемлекет басшысының денсаулық жағдайы нашарлағанын мемлекеттік медициналық комиссия растаса, он күнде сенат және мәжіліс палаталарының бірлескен жедел отырысында үш айға дейін президент міндетін атқарушы азамат белгіленеді», делінген.

Бұл мерзім ішінде жалпыхалықтық сайлау да өткізілуі тиіс делінген. Алайда мұндай жедел шаралар жайлы өзбек билігі ешбір мәлімдеме жасаған жоқ.

"Ел ішінде халықтың сенімінен шығатын салмақты саясаткерлер бар. Өзбекстанның бүгінгі жүргізіп отырған ішкі және сыртқы саясатын сол қалпында жалғастырады деп ойлаймын. Халық саны бойынша Орталық Азиядағы ірі елдерді бірі саналатын мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін  Ислам Кәрімов мықты билік құруға баса назар аударуда. Соның арқасында түрлі қауіп-қатерлерді болдырмау мүмкін болып отыр", - дейді саясаттанушы Сұлтан Әкімбеков.

Ал елде жағдай бірқалыпты, халық күнделікті тіршілігімен айналысуда. Барлық сауда орындары мен базарлар жұмыс істеп жатыр. Тұрғындар арасында қобалжу байқалмайды. Ел билігінің жұмысы да бірқалыпты.

Тағы оқыңыздар:

Танымал журналист Орта Азияны тәліптерден сақтап тұрған өзбектің қуаты екенін айтты

Ислам Каримовтың жағдайы белгісіз күйде қалып тұр

Қазақтарды "қытай гастарбайтерлері" деп атаған ресейлік журналист Қазақстанға келе жатыр

Күтушіден таяқ жеген сәбидің анасы: Күтушінің қатты ұрғаны сонша, балам үш күн бойы есін жиған жоқ

Ақтөбедегі теракт: Шабуылдан көшеде «бас тартқан» діндардың хикаясы

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Ресми Ташкент: Ислам Кәрімов толық медициналық тексерістен өтуде