RU

Қарт жапонға тұрмысқа шыққан ару: Бес жылда құшақтамақ түгілі бетімнен сүймеді

Мәскеулік профессордың 24 жасар қызы 52 жастағы жапондыққа тұрмысқа шығып, өз таңдауына өкініп қалды деп хабарлайды qamshy.kz.

Олар Жапонияда бес жыл бірге тұрады. Күйеуі аптасына бір рет мейрамханаға апарады. Үш айда бір рет Жапонияны аралауға мүмкіндік береді. Алты ай сайын шет елде демалады. Бұдан бөлек керек-жарағы мен азық-түлікке қажет ақшаны да жапон күйеуі беріп тұрады.

Онымен қоймай, Ресейдегі отбасын да осы күйеуі асырайды. Бірақ орыс қызы жапон азаматымен бірге тұрудан жалығады. Иә, күйеуі ұрыспайды, жөнсіз тиіспейді, қысқасы жүйкесіне тимейді. Сабырлы, ұстамды әрі жомарт күйеуден безінуіне не себеп? Себебі біреу ғана екен.

Жапон күйеуі кейбір кештерде қасында отырып әңгімелескені болмаса бірге тұрған бес жыл ішінде оны құшақтамақ түгілі тіпті бетінен де сүймепті. Бес жыл ішінде әбден іші пысқан орыс қызы ақыры Ресейге қайтып кетіпті.

Орыс қызы «Менің бала сүйгім келеді. Сіздің мені не үшін алғаныңызды түсінбедім ғой. Сіз маған ен үшін үйлендіңіз?» дегенде, жапон күйеуі «Өйткені сен сұлусың» деген екен. Шамасы, қыздың сұлу жүзіне қарап отыру үшін ғана алса керек.

«Woman.ru» сайтынан алынды Әзірлеген Айғаным Біртуар.

Тағы оқыңыздар:

Танымал журналист Орта Азияны тәліптерден сақтап тұрған өзбектің қуаты екенін айтты

Ислам Каримовтың жағдайы белгісіз күйде қалып тұр

Қазақтарды "қытай гастарбайтерлері" деп атаған ресейлік журналист Қазақстанға келе жатыр

Күтушіден таяқ жеген сәбидің анасы: Күтушінің қатты ұрғаны сонша, балам үш күн бойы есін жиған жоқ

Ақтөбедегі теракт: Шабуылдан көшеде «бас тартқан» діндардың хикаясы

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1236979-qart-zhapongha-turmysqa-shyqqan-boyzhetk.html