Выйти
RU

Алматыда қаруланған ер адам көпшілікке оқ жаудырды (фото, видео)

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Алматының Бостандық ауданында психотропты заттардың әсерінде болған жас жігіт адамдарға оқ жаудырды. Бұл туралы Zakon.kz сайтына сілтеме жасап NUR.KZ порталы хабарлайды.

Оқыс жағдай Егізбаев көшесі 7/1 мекенжайы маңында орын алған. Тұрғын үй кешенінің ауласында екі асүй пышағы мен травматикалық қару ұстаған жас жігіт далаға шығып, оқ жаудыра бастайды.

Куәгерлер мен дәрігерлердің сөзіне сенсек, ол психотропты заттардың әсерінен осындай күйде болған. Ал ашулануына туыстарымен жанжалдасуы әсер еткен.

Оқиға орнындағы балалардың сөзіне сенсек, бір адам жарақаттанып, оны жедел жәрдем алып кетті. Туыстары ашуға булыққан жігітті сабырға шақырып, әкесі қаруды қолынан алып алған. Жігітті полицейлер бөлімшеге алып кетті.

Сол арада оқиға куәгерлері NUR.KZ редакциясына оқиға орнынан видеолар жіберді.

Ескертпе: Видеода бейәдеп сөздер кездеседі

Видео: zakon.kz

Тағы оқыңыз:

Қарағанды облысында күйдіргі күдігімен тағы үш адам емханаға жатқызылды

ОҚО-да мүмкіндігі шектеулі жандарға  тегін арба таратылды (фото)

Даниядағы «Әйелдер мешітінде» нәзік жандылар имам болды

Қамауға алынған Лилия Рах қолдау көрсеткендерге алғыс білдірді

Ресми Ташкент: Ислам Кәрімов толық медициналық тексерістен өтуде

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Алматыда қаруланған ер адам көпшілікке оқ жаудырды (фото, видео)