RU

Төреғали басынан өткен жанжалды елдің есіне қайта салды (фото)

Белгілі әнші Төреғали Төреәлі журналиспен жанжалдасқанын әзілге айналдырды деп хабарлайды NUR.KZ.

Осыдан біраз уақыт бұрын әнші Шымкенттегі кілем фабрикасына қонақ болып, жергілікті тілшімен төбелесіп қала жаздаған еді. Журналистке әншінің сұхбат беру кезіндегі тұрысы ұнамай қалып, ол осыған қатысты «Ұлы Дала баласына» сын айтқан болатын.

Енді, міне, Төреғали бұл келеңсіз жағдайды елдің есіне қайта салып отыр. Ол кезекті түсірілім алаңынан сурет жүктеп, оның астына «Қолыңды түсіріп тұрсай» деп жазып қойды.

Суретте әншімен бірге актерлер Аян Өтепберген мен Асылхан Төлепов те бар. Үш өнерпаз жаңа жобада студенттік өмір туралы естеліктерімен бөлісіп, өздері оқыған оқу орны туралы айту үшін журналистермен кездескен.

Жаңа жобаның түсірілімі кезінде үшеуі де қолдарын артқа салып, өздеріне ыңғайлы қалыпта тұратындықтарын көрсетті. Олардың бұл әзілін желі қолданушылары түрліше қабылдады. Қолданушылар журналисттің сынына ашуланып, сұхбат беруден бас тартқан Төреғалидің оқиғасын қайта еске түсірді.

«Сол жағдайға дейін тыңдаушы едім... Өнер адамы деген биік болуы керек, кішіпейіл, әйел баласын сыйлау керек деп ойлаушы едім...», «Шынымен әдепсіз көрінеді екен, бекер айтпапты», - деп жазды оның бұл әжуасын жақтырмағандар.

Ал оны қолдағандар: «Тұрыстарың өздеріңе лайық! Жігіттерше!», «Жарасып-ақ тұр» деген сынды пікірлерін жасырмады.

Тағы оқыңыздар:

Танымал журналист Орта Азияны тәліптерден сақтап тұрған өзбектің қуаты екенін айтты

Ислам Каримовтың жағдайы белгісіз күйде қалып тұр

Қазақтарды "қытай гастарбайтерлері" деп атаған ресейлік журналист Қазақстанға келе жатыр

Күтушіден таяқ жеген сәбидің анасы: Күтушінің қатты ұрғаны сонша, балам үш күн бойы есін жиған жоқ

Ақтөбедегі теракт: Шабуылдан көшеде «бас тартқан» діндардың хикаясы

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1237110-toreghali-basynan-otken-zhanzhaldy-eldi.html