RU

Үржарлық орыс қыз қазақстандықтарды тек қазақ тілінде сөйлеуге шақырды (видео)

Шығыс Қазақстан облысының Үржар ауданында тұратын Елена Вахнина есімді орыс қызы қазақтар мен еліміздегі өзге ұлт өкілдерін мемлекеттік тілде сөйлеуге шақырды. Оның осынау видеоүндеуі YouTube видеопорталында жарияланған деп хабарлайды sn.kz.

Видео авторы: Жанар Жахат

"Мен Қазақстанда тұрамын, бұл - менің туған жерім. Қазақстанда тұрғаным үшін мақтанамын. Қазақ тілі маған жеңіл, сөйлеу қиын емес. Өзгелерге де қиын емес, қазақша сөйлеуге тиіссіңдер! Қазақстанда тұрасыңдар, бұл - туған жерлерің", - дейді Вахнина өзінің ана тілін білмейтін отандастарына арнаған видеоүндеуінде.

Елена күнделікті тұрмыста да тек қазақ тілін пайдаланады екен. Орысшаны өте сирек қолданады, өйткені ол тілде еркін сөйлеуден қалған.

Оның айтуынша, Үржарда мемлекеттік тілде сөйлейтін орыс ұлтының өкілдері көп. Үйренгісі келген адам үшін қазақ тілі оңай, көпшілік ерінгендіктен үйренбей жүр дейді Елена Вахнина.

Тағы оқыңыз:

Қарағанды облысында күйдіргі күдігімен тағы үш адам емханаға жатқызылды

ОҚО-да мүмкіндігі шектеулі жандарға  тегін арба таратылды (фото)

Даниядағы «Әйелдер мешітінде» нәзік жандылар имам болды

Алматыда қаруланған ер адам көпшілікке оқ жаудырды (фото, видео)

Қамауға алынған Лилия Рах қолдау көрсеткендерге алғыс білдірді

Ресми Ташкент: Ислам Кәрімов толық медициналық тексерістен өтуде

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1237166-urzharlyq-orys-qyz-qazaqstandyqtardy.html