RU

Күздің алғашқы күндері тұрғындарды жылы ауа райымен қуантпақ

Қазгидрометтің мәліметінше, Ресейдің еуропалық территориясынан жылжыған антициклоға байланысты  үш тәулікте еліміздің басым аумағында жауын-шашын болмайды. Бұл туралы 24.kz сайты хабарлайды.

Тек батыс аймақтарда салқын фронттардың өтуіне байланысты жаңбыр жауады деп күтілуде. Түнде Ақмола, Павлодар, Орталық және Шығыс Қазақстанда 1-3 градус үсік күтіледі.

Ал күндіз ауа температурасы батыста 15-25, солтүстік, орталық және шығыста 18-30 градус, ал оңтүстікте  28-38 градус жылы болады.

"Астана қаласы бойынша 1 қыркүйек күні ауа райы жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде 4-6, күндіз 22-24 градус жылы болады. Алматы қаласы бойынша алдағы үш күнде жауын шашынсыз. Ауа температурасы күндіз 29-31 градус жылы болады", - дейді «Қазгидромет» РМК инженер-синоптик Маржан Ғаббасова.

Тағы оқыңыз:

ОҚО-да мүмкіндігі шектеулі жандарға  тегін арба таратылды (фото)

Даниядағы «Әйелдер мешітінде» нәзік жандылар имам болды

Алматыда қаруланған ер адам көпшілікке оқ жаудырды (фото, видео)

Қамауға алынған Лилия Рах қолдау көрсеткендерге алғыс білдірді

Ресми Ташкент: Ислам Кәрімов толық медициналық тексерістен өтуде

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1237217-aldaghy-ush-taulikte-elimizdinh-basym-au.html