RU

Атамқұлов Жаппарқұл мен Галбадрахқа қымбат джип пен пәтер сыйлады (фото)

ОҚО әкімі Рио Олимпиадасынан жүлдемен оралған қос спортшыға пәтер мен қымбат джип көлігінің кілтін табыс етті деп хабарлайды өңірден NUR.KZ тілшісі.

Сыйлықты табыс етуге арналған жиында сөз алған аймақ басшысы Бейбіт Атамқұлов Риода күміс пен қола медаль таққан қос спортшы Жазира Жаппарқұл мен Галбадрах Отгонцэцэгті алдымен жүлделерімен құттықтады. Мұнан соң әлемдік дода кезіндегі көңіл күйімен бөлісе кетті.

"Ел қоржынына алғашқы жүлдені Галбадрах Отгонцэцэг салғанын білесіздер. Сол сәтте Әлібек маған телефон соғып, ерекше қуандық. Қос спортшымыздың жүлдесі тек оңтүстікке емес, күллі Қазақстан үшін қуаныш. Қазақстан жалауы көтерілгенде біз ерекше сезімде болдық", - дейді Атамқұлов.

ОҚО әкімі сөзінің соңында мемлекет тарапынан спорт саласына деген назардың жылдан-жылға артып отырғанын айта келе, жүлде алған спортшыларға сыйлығы барын жеткізді.

Сөйтіп күміс жүлде иегері зілтемірші Жазира Жаппарқұлға екі бөлмелі пәтердің, қоладан алқа таққан дзюдошы Галбадрах Отгонцэцэгке бір бөлмелі пәтердің кілтін табыс етіп, екеуіне де джип көлігін мінгізді.

Ал өз кезегінде Риода ел намысын қорғанан спорт саңлақтары күллі қазақ еліне ерекше алғысын айтып, ағынан жарылды.

Естеріңізге сала кетейік, Жазира Жаппарқұл Риода 69 келіге дейінгі салмақта өнер көрсетіп, ел тарихында Олимпиадада жүлдеге ие болған тұңғыш қазақ қызы атанды.

Ал Галбадрах Отгонцэцэг Бразилияда өткен додада ел қоржынына алғашқы медаль салған спортшы болды.

Тағы оқыңыз:

Қарағанды облысында күйдіргі күдігімен тағы үш адам емханаға жатқызылды

ОҚО-да мүмкіндігі шектеулі жандарға  тегін арба таратылды (фото)

Даниядағы «Әйелдер мешітінде» нәзік жандылар имам болды

Алматыда қаруланған ер адам көпшілікке оқ жаудырды (фото, видео)

Қамауға алынған Лилия Рах қолдау көрсеткендерге алғыс білдірді

Ресми Ташкент: Ислам Кәрімов толық медициналық тексерістен өтуде

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1237235-oqo-akimi-olimpiadadan-zhuldemen-oral.html