RU

Қазақ тілінде алғыс айтқан Галбадрах көлік алғаннан кейін қазақша сұхбат бермеді

Риодағы жүлдесінен кейін қазақ тілінде күллі жұртшылыққа алғыс айтып, қымбат көлік мінген спортшы Галбадрах Отгонцэцэг журналистермен кезекті кездесуінде қазақша сөйлеуден бас тартты деп хабарлайды NUR.KZ порталының өңірдегі тілшісі.

Риода қола медальға қол жеткізген спортшы Галбадрах Отгонцэцэг Қазақстанға жүлдемен келген соң жанкүйерлерін тағы бір әрекетімен тәнті еткен еді. Яғни, баршаға қазақ тілінде алғыс жаудырған спортшының онысына сүйсінбеген жан кемде-кем болды.

Алайда 31 тамыз күні Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Бейбіт Атамқұловтың қолынан пәтер кілтін алып, қымбат көлік мінген спортшы қазақ тілінде сұхбат беруден бас тартты. Бапкерлерінің сөзіне сенсек, спортшы түрлі шараларда айтып жүрген қазақ тіліндегі алғыс сөздерін ел ықыласы үшін әбден жаттап келеді екен.

Олимпиададан кейін спортшыны бағдарламаларға шақырған журналистер Галбадрахтың қазақ не орыс тілінде мүлдем сөйлемейтінін айтады. Осы жолғы кездесуде де тілшінің "тым болмағанда жаттаған сөзін айтқызып, видеоға түсіріп алайық" дегеніне бапкері көнбеді. Айтуынша, джип көлігіне отырған ол енді сөзден жаңылысып қалуы мүмкін.

Естеріңізге сала кетейік, 48 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен қазақстандық дзюдошы Галбадрах Отгонцэцэг қола медаль үшін таласта кубалық спортшымен белдесті. Жерлесіміз кубалықты иппон әдісімен жығып, жүлдеге қол жеткізді. Спортшының бұл жүлдесі Рио Олимпиадасында ел қоржынына салынған алғашқы медаль болды.

Тағы оқыңыз:

Алдағы үш тәулікте еліміздің басым аумағында жауын-шашын болмайды

ОҚО-да мүмкіндігі шектеулі жандарға  тегін арба таратылды (фото)

Даниядағы «Әйелдер мешітінде» нәзік жандылар имам болды

Алматыда қаруланған ер адам көпшілікке оқ жаудырды (фото, видео)

Қамауға алынған Лилия Рах қолдау көрсеткендерге алғыс білдірді

Ресми Ташкент: Ислам Кәрімов толық медициналық тексерістен өтуде

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1237348-qazaq-tilinde-alghys-aytqan-galbadrakh.html