RU

Алматыда сәбиді өлімші етіп сабады деген бала күтуші кінәсін мойындаған жоқ

Алматыда бір жастан енді асқан сәбиді өлімші етіп сабады деп айыпталған бала күтуші кінәсін мойындаған жоқ. Тараздық Толқын Өкеева нәрестеге қол ұшын да тигізбедім дейді.

Бұл туралы КТК арнасы хабарлайды.

Баланы көгала қойдай етіп сабады деп айыпталған келіншек 36 жастағы Толқын Өкеева бұны мойындап отырған жоқ. Ол бала күтуші болуға келісім бермепті. Айтуынша, анасының өзі ұлын аты-жөні жоқ тастап кеткен.

"Мен айттым өзімнің денсаулығым жоқ, емделіп жаңадан келдім, қысымым көтеріліп қайта-қайта құлап жатырмын, балаңа қарайтын денсаулығым жоқ деп едім, «жоқ тәте маған бір-ақ апта қарап беріңіз, сосын мен қолыма алам» деді. Содан бұл қыз жоқ боп кетті. "Тәте мен сізге сеніп едім", мен айттым сен расписка бірдеңе жаздырып алмайсың ба, мені танымайсың сен қалай сенесің? Бірге жұмыс істедік жарайды", - дейді Толқын Өкеева.

Осылайша танысы қолқалап қоймаған соң, Мансұрға бас-көз бола тұруға келіскен келіншек сәбиді сабағанын да теріске шығарды. Саусақ ұшын да тигізбедім деп ант-су ішкен әйел баланың аулада ойнап жүріп жарақаттанғанын айтады. Онда да басы жарылмай, жай ғана сырып алған екен.

"Ойыншық камаз сияқты қызыл машина.

– Содан құлады?

– Аха, содан құлап кетті.

– Содан басы жарылып кетті ма?

– Жарылған жоқ, басы ешқандай жарылған жоқ, оны көршілердің бәрі көріп тұр, басы жарылған жоқ. Болды, машинадан құлады содан екі жерінде жарығы болды, оны көрген адам бар", - дейді Толқын Өкеева.

Бірақ, дәрігерлік сараптама мүлдем басқа дәйектерді келтіріп отыр. Ауруханаға ес-түссіз күйінде жеткізілген балада көгерген іздер табылған. Одан қалды құлағы қанап, ақ халаттылар иненің іздерінің барын айтқан. Бірақ Толқын мұны да мойындамай отыр. Тіпті анасы о баста кешірім берген дейді.

"Мен баламның құлағына ине тықпаймын, елдің баласының құлағына қайтіп ине тығам? Мен ішетін әйел болсам жарайды енді айтасыздар ине тықты, бүйтті, сүйтті деп мені көршілерімнің бәрі біледі қандай келіншек екенімді. Сізге қоятын менің ешқандай кінәм жоқ, маған просто ақша берсеңіз болды деді. Сөйтіп менен ақша талап етіп отыр", - дейді Толқын Өкеева.

Ал оңбай таяқ жеген баланың халі әлі де ауыр. Дәрігерлер бас сүйегінің сынған жеріне ота жасаған. Нәресте 3 күн бойы комада жатса да, оны есінен танғанша ұрды делінген адам тек қаладан кетпеу туралы тілхат беріп құтылған. Оқиға бір ай бұрын болса да, тергеушілерге қазір жан бітіп, куәгерлерден жауап енді ғана алынуда.

Тағы оқыңыз:

Боливияда көлік астына түскен ит ғажайыптың күшімен дін аман шықты (видео)

Немересімен бірге коллеждге түскен 82 жастағы қария жұртты таң қалдырды

Қарағанды облысында Сібір жарасы күдігімен тағы үш адам емханаға жатқызылды

Алдағы үш тәулікте еліміздің басым аумағында жауын-шашын болмайды

ОҚО-да мүмкіндігі шектеулі жандарға  тегін арба таратылды (фото)

Алматыда қаруланған ер адам көпшілікке оқ жаудырды (фото, видео)

Қамауға алынған Лилия Рах қолдау көрсеткендерге алғыс білдірді

Ресми Ташкент: Ислам Кәрімов толық медициналық тексерістен өтуде

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1237400-almatyda-sabidi-olimshi-etip-sabady-de.html