Выйти
RU

Пышақпен қаруланған ер адам Алматы тұрғындарының зәресін ұшырды (видео)

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Алматы полициясы пышақпен қаруланған ер адамды құрықтады. Ол Егізбаев пен Сәтбаев көшесінің қиылысында орналасқан «Асыл Тау» тұрғын үй кешенінің тұрғындарын әбден шошытқан.

Қалалық ІІД NUR.KZ  порталына ер адамның қолында пышақ болғанын хабарлады. Ал бұған дейін куәгерлердің ер адам пистолетпен қаруланды дегені расталмады.

Құрықталған 22 жастағы жігіттің бұған дейін психикалық ауытқушылықтары болғаны анықталды. Ал құрықталған сәтінде ол мас болған. Жігіттен бетперде, шлем және күртеше тәркіге алынды.

Баспасөз қызметі оқиға орнында оқ жаудырылғаны туралы ақпаратты да жоққа шығарды. Зардап шеккендер жоқ дейді құзырлы орган. Жігітті әкесі сабырға шақырған. Ол аудандық полиция бөлімшесіне жеткізіліп, соталды тергеу басталды.

Еске салсақ, бұған дейін оқиға куәгерлері жас жігіттің екі асүй пышағы мен травматикалық қаруды қолына алып, көпшілікке оқ жаудырғанын хабарлаған болатын.

Оқиға куәгері Дос Али NUR.KZ редакциясына бұл жайттың видеосын жолдады.

Ескертпе: Видеода бейәдеп сөздер кездеседі!

Видео: zakon.kz

Тағы оқыңыз:

ОҚО-да мүмкіндігі шектеулі жандарға  тегін арба таратылды (фото)

Даниядағы «Әйелдер мешітінде» нәзік жандылар имам болды

Алматыда қаруланған ер адам көпшілікке оқ жаудырды (фото, видео)

Қамауға алынған Лилия Рах қолдау көрсеткендерге алғыс білдірді

Ресми Ташкент: Ислам Кәрімов толық медициналық тексерістен өтуде

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Пышақпен қаруланған ер адам Алматы тұрғындарының зәресін ұшырды (видео)