RU

Ислам Каримов Өзбекстан халқын тәуелсіздіктің 25 жылдығымен құттықтады

Өзбекстан президенті баспасөз қызметінің ресми сайтында Ислам Каримовтің Өзбекстан халқына республиканың мемлекеттік тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай жолдаған құттықтауы жарияланды деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Шын жүректен баршаңызды, барша халқымды Өзбекстанның мемлекеттік тәуелсіздігінің 25 жылдығы мерекесімен құттықтаймын. Тәуелсіздік бізді тоталитарлық жүйенің құрсауынан құтқарып, еліміздің сан ғасырлық тарихының жаңа парағын ашты. Бізге еркін және бай-қуатты өмір салтын қалыптастыруға мүмкіндік берді», - делінген хабарламада.

Каримов кез-келген халық, кез-келген ұлт тәуелсіздікке қиыншылықпен қол жеткізетінін атап өтті.

«Осы сәтте өзін ақтамаған ескі жүйеден жаңа жүйеге көшкен кезді еске ала отырып, біз ойша бастан кешкен сол бір ауыр күндерге, сын сағаттарға ораламыз. Сол кездері өзін өзі құртқан жүйенің кесірінен, әсіресе тіршілікті қамтамасыз ету саласында, республикада жағдай күрт ушығып, қауіпті сипат ала бастады. Халықты тамақтандыру үшін қажет ұнның көлемі 7-10 күнге ғана жететін мөлшерде еді. Тәртіп босаңсып, түрлі бүлдіргіш күштер бас көтере бастаған шақта біздің еліміз құздың қиыр шетінде қалғандай болды. Осындай қиын-қыстау күндердің өзінде біз өзіміз бет түзеген тәуелсіздік бағытымыздан жаңылмадық», - деп еске алды мемлекет басшысы.

Тәуелсіздік жылдарында Өзбекстан экономикасы 6 есе өсті. Өнеркәсіптің үлесі 14 пайыздан 34 пайызға дейін ұлғайды. Болып жатқан жаһандық қаржы-экономикалық дағдарысқа қарамастан соңғы 11 жыл ішінде елдің жалпы ішкі өнімі (ЖІӨ) көптеген елдердің қатарында - 8 пайыздық деңгейде (өсім) сақталуда.

Каримов, сондай-ақ, басқа мемлекеттердің ішкі істеріне бас сұқпау, пайда болған келіспеушіліктерді тек қана саяси, бейбіт жолмен шешу Өзбекстанның сыртқы саясатының негізгі бағыттары екендігін атап өтті.

Тағы оқыңыз:

ОҚО-да мүмкіндігі шектеулі жандарға  тегін арба таратылды (фото)

Даниядағы «Әйелдер мешітінде» нәзік жандылар имам болды

Алматыда қаруланған ер адам көпшілікке оқ жаудырды (фото, видео)

Қамауға алынған Лилия Рах қолдау көрсеткендерге алғыс білдірді

Ресми Ташкент: Ислам Кәрімов толық медициналық тексерістен өтуде

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1237499-islam-karimov-ozbekstan-khalqyn-tauel.html