Выйти
RU

Шымкентте жалғызбасты ана сегіз баламен бірдей далада қалуы мүмкін

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Шымкенттік жалғызбасты ана сегіз баламен бірдей далада қалуы мүмкін. Көпбалалы келіншек 20 жылға жуық баспанаға қол жеткізе алмай жүр деп хабарлайды 31 арна.

Жақында жарынан ажырасып, туғандарынан қол үзген Кенжегүл Қарымбаеваға қала басшылығы кезекті күт дегеннен артық жауап айтпайтын көрінеді. Тентіреп қалған отбасы шарасыздан Астанаға келіп премьер-министрге хат жолдады.

Сегіз бүлдіршін, бір үйдің балалары елордаға алғаш рет келді. Бірақ жұрт сияқты Астана аралап, Бәйтерекке мінген бала жоқ, анасының соңынан ерген сегізі де Вокзалдан тікелей үкіметке аттанды.

Сегіз баламен далада қалған келіншек осы күнге дейін туыстарында тұрып келген. Туғандары үйді босат деген соң тентіреп қалған келіншек үкіметтен ғана үмітті. Себебі қала басшылығы пәтер түгіл, жер телімін де татырмай отыр екен. Алтын алқаның атынан басқа артық пайдасы жоғын айтып ашынған ана енді жанайқайын қағазға жазып өкіметке жолдады. Балаларымды далада қалдырмаймын деп отыр.

"Аштық жариялап жатып алуға дейін барамын. Не істеймін басқа? Көмек беретін әке-шешем де жоқ, туысқаннан ешкімнен жәрдем жоқ", - дейді "Алтын алқа" иегері Кенжегүл Қарымбаева.

Ал Шымкенттегі тұрғын үй басқармасындағылар кезексіз ешкімге пәтер берілмейді дейді. 8 мыңыншы болып тіркелген Кенжегүл Қарымбаеваның кезегі қашан келетінін де олар білмейді.

"ҰОС ардагерлері, мүгедектер, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалғандар ғана бірінші кезекте тұрғын үймен қамтылуға құқығы бар. Көпбалалы отбасыларға басымдық берілмеген", - дейді Шымкент қаласы тұрғын-үй қатынастары бөлімінің сектор меңгерушісі Жұлдызай Ордабекова.

Өзіміздікілер өзектен тепкеніне ашынған ана шетелдіктер үй алып береміз дегенде намыстан бас тартқанына енді оңбай өкініп отыр.

"Мен өзімнің ұлтым қазақтың батыр анасы дегенді, көпбалалы анасы дегенді қаперімнен шығармай, өз ұлтымды сатқым келмеді. Өз облыс әкімім, қала әкімім бар ғой деп өзге ұлттан көмек сұрауға батылым жетпеді", - дейді "Алтын алқа" иегері.

Сегіз баламен тентіреп қалған ананың ендігі сенері елдің жоғарғы билігі мен жомарт жандар ғана.

6 бала 1 қыркүйекте мектепке бармайды. Себебі басқайғы - бөлек баспана алу. Ал Кенжегүл қанша қиын болса да жалдамалы пәтерге күніне 6 мың теңге төлеп, Астанада қалып биліктегілердің жауабын күтуге мәжбүр.

Тағы оқыңыз:

ОҚО-да мүмкіндігі шектеулі жандарға  тегін арба таратылды (фото)

Даниядағы «Әйелдер мешітінде» нәзік жандылар имам болды

Алматыда қаруланған ер адам көпшілікке оқ жаудырды (фото, видео)

Қамауға алынған Лилия Рах қолдау көрсеткендерге алғыс білдірді

Ресми Ташкент: Ислам Кәрімов толық медициналық тексерістен өтуде

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Шымкентте жалғызбасты ана сегіз баламен бірдей далада қалуы мүмкін