Выйти
RU

Өзбекстанда Каримовтер әулеті биліктен аластатылып жатыр

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Өзбекстанда Каримовтер әулеті биліктен аластатылып жатыр. Бұл туралы ақпарат құралдары жарыса жазуда. Қазір елде тақ таласы өрши түскен. Ал президенттікке жөні түзу үміткер ретінде премьер-министр Шавкат Мирзяевтің аты аталуда деп хабарлайды КТК арнасы.

Кейбір басылымдардың хабарлауынша, қазір Өзбекстан президентін жасанды аппаратқа жалғап қойыпты. Ислам Каримов қайтыс болған жағдайда оның отбасы биліктің маңайына да жолай алмай қалайын деп тұр. Президенттің үлкен қызы Гүлнар қазір Лондонда үйқамақта. Ал кішісі Лолаға күш құрылымдары билікті бере салмасы анық.

Сарапшылардың айтуынша, Шавкат Мирзяевті өзбек халқы да, шет мемлекеттер де қолдайды екен. Тағы бір айта кетерлік жайт, биліктегілер Ислам Каримовтің қайтыс болғаны туралы жалған мәліметті ақпарат құралдарына оның қызы берген деп санайды.

Естеріңізге салсақ, 78 жастағы президент өткен сенбіде миына қан құйылып, ауруханаға жеткізілген болатын. Ал ол қайтыс болды деген ақпарат дүйсенбі күні тарай бастады. Бірақ оны өзбек билігі растаған жоқ.

Тағы оқыңыз:

ОҚО-да мүмкіндігі шектеулі жандарға  тегін арба таратылды (фото)

Даниядағы «Әйелдер мешітінде» нәзік жандылар имам болды

Алматыда қаруланған ер адам көпшілікке оқ жаудырды (фото, видео)

Қамауға алынған Лилия Рах қолдау көрсеткендерге алғыс білдірді

Ресми Ташкент: Ислам Кәрімов толық медициналық тексерістен өтуде

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Өзбекстанда Каримовтер әулеті биліктен аластатылып жатыр