Выйти
RU

Астанада жантүршігерлік жол апатынан мүгедек адам қаза болды (видео)

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Елордадағы Жеңіс даңғылында адам өліміне соқтырған жол-көлік оқиғасы болды. Бұл туралы Kazpravda.kz сайтына сілтеме жасап ҚазАқпарат хабарлайды.

Ескертпе: Жүрегі әлсіз адамдарға видеоны қарауға кеңес бермейміз.

Видео: Казахстанская правда.

Оқиға 30 тамыз күні 22:00 шамасында болған. Сыртқы бақылау камерасы жеңіл көліктің жоғары жылдамдықпен келе жатып, аяғында протезі бар кісіні қағып кеткенін түсіріп алған. Адамды қағып кеткен соң, көлік жол жиегіндегі металл қоршауға соғылған.

Жол апаты жөндеу жұмыстары жүріп жатқан ғимараттың маңында болған. Жұмыс жүріп жатқан аумақ қоршауға алынған, осы себепті жаяу жүргіншілер жолды көлік жүретін тұстан кесіп өтуге мәжбүр болған. Жөндеу жұмыстары жүріп жатқаны туралы ескерту белгілері болмаған.

«Toyota Aristo көлігі соғып кеткен 42 жастағы жүргінші ауруханада қайтыс болды. 29 жастағы жүргізуші ЖКО болған жерден медициналық мекемеге жеткізіліп, сол жерден үйіне жіберілді», - деп хабарлайды қалалық ІІД.

Қазіргі сәтте факт бойынша тергеушілер Қылмыстық кодекстің 345 бабының (Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы) 3 тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізуде.

Тағы оқыңыз:

ОҚО-да мүмкіндігі шектеулі жандарға  тегін арба таратылды (фото)

Даниядағы «Әйелдер мешітінде» нәзік жандылар имам болды

Алматыда қаруланған ер адам көпшілікке оқ жаудырды (фото, видео)

Қамауға алынған Лилия Рах қолдау көрсеткендерге алғыс білдірді

Ресми Ташкент: Ислам Кәрімов толық медициналық тексерістен өтуде

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Астанада жантүршігерлік жол апатынан мүгедек адам қаза болды (видео)