Выйти
RU

Қайрат Боранбаев Ресейдегі «Макдональдс» франшизасын сатып алмақ

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

«Макдональдс» Ресейдің 13 аймағында өзінің мейрамханалары мен франшизасын сатады. Оларды сатып алушылардың бірі - Қазақстанның бай кәсіпкері Қайрат Боранбаев болуы мүмкін.  Бұл туралы РБК-ға сілтеме жасап NUR.KZ порталы хабарлайды.

Бұл "Макдональдстың" франчайзингті дамытудағы ірі келісімшарты болмақ. Монопилияға қарсы Федералды қызмет сатылым бойынша келісімшартты мақұлдады.

Ресейдің 13 аймағында тарайтын "Макдональдс" желісіне Қайрат Боранбаев жаңа франчайзи атанады деп хабарлады РБК-ға бірнеше дереккөз. 2013 жылдан бері Қазақстан мен Белоруссияда "Макдональдс" франшизасын қолға алған Боранбаев Қазақстандағы алғашқы "Макдональдсты" 2016 жылдың наурызында ашқан болатын. Кәсіпкер үш-бес жыл ішінде республикада 15 мейрамхана ашуды жоспарлап жүр деп жазады ТАСС.

Белоруссияда он "Макдональдс" бар: тоғызы Минскіде және біреуі Витебскіде.

Боранбаевтан бұл жайтқа байланысты ресми түсініктеме алу мүмкін болмады. Дегенмен Ресейдегі 67 «Макдональдс» мейрамханасы жаңа франчайзидің қолына өтеді. Ал оның кім екені әзірге айтылмай отыр.

Тағы оқыңыз:

ОҚО-да мүмкіндігі шектеулі жандарға  тегін арба таратылды (фото)

Даниядағы «Әйелдер мешітінде» нәзік жандылар имам болды

Алматыда қаруланған ер адам көпшілікке оқ жаудырды (фото, видео)

Қамауға алынған Лилия Рах қолдау көрсеткендерге алғыс білдірді

Ресми Ташкент: Ислам Кәрімов толық медициналық тексерістен өтуде

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Қайрат Боранбаев Ресейдегі «Макдональдс» франшизасын сатып алмақ