Выйти
RU

Британиялық жігіт мастықпен такси шақырамын деп байқаусызда автобус сатып алған

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Британиялық жігіт мастықпен такси шақырамын деп автобус сатып алған. Дәл қазір азамат өзінің көк түсті автобусын әлеуметтік желі арқылы сатуға талпынып жатыр. Бұл туралы "Life.ru" басылымына сілтеме жасап stan.kz хабарлайды.

Ибицада Ұлыбритания тұрғыны Дэви Литтл ішімдікке тойып алып такси шақыртқан. Артынша белгісіз себептермен байқаусызда көк түсті Scania Irizar Century Coach автобусын сатып алған. Құны – 28 500 стерлинг.

Ол өміріндегі ең үлкен қатені жібергенін түсінген кезде кеш болған.

"Мен әлі күнге дейін Ибицада жасаған қылығымды түсіндіре алмаймын! Түнгі клубтан шығып, телефоныма қараған кезде 30 000 фунтқа көлік сатып алғанымды түсіндім. Әлі де сене алар емеспін. Құдай үшін, біреуің менің көк автобусымды сатып алыңдаршы", – деп жазады ол өзінің Facebook парақшасында.

Аталған жазбаға 45 мыңнан астам лүпіл басылып, көптеген пікір жазылған. Көпшілік оны әжуалап, бұл әрекетін сынаған.

Тағы оқыңыз:

ОҚО-да мүмкіндігі шектеулі жандарға  тегін арба таратылды (фото)

Даниядағы «Әйелдер мешітінде» нәзік жандылар имам болды

Алматыда қаруланған ер адам көпшілікке оқ жаудырды (фото, видео)

Қамауға алынған Лилия Рах қолдау көрсеткендерге алғыс білдірді

Ресми Ташкент: Ислам Кәрімов толық медициналық тексерістен өтуде

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Британиялық жігіт мастықпен такси шақырамын деп байқаусызда автобус сатып алған