RU

Астанада Қаржы министрлігінің ғимаратынан адамдар эвакуацияланды

1 қыркүйек күні Астанада Қаржы министрлігінің ғимаратында төтенше жағдай болып, қызметкерлер эвакуацияланды деп хабарлайды BNews.kz.

Сағат 8:30-да автоматты өрт сөндіру жүйесі іске қосылғаны туралы хабарлама келіп түсті. Бұл туралы куәгерлер де әлеуметтік желіде жазған болатын.

«Куәгерлер түтін туралы хабарлаған, алайда шын мәнісінде 5-6 қабаттың терезесінен аэрозольды тозаң шығып жатыр. Себебі автоматты өрт сөндіру жүйесі іске қосылды», - деп мәлімдеді ІІМ ТЖК ресми өкілі Руслан Иманқұлов.

Қазіргі таңда түтін немесе өрт байқалмайды. Оқиға орнына Сарыарқа ауданы бойынша ТЖ басқармасының қызметкерлері аттанды. Олар өрт сөндіру жүйесінің неден іске қосылғанын тексереді. Әзірге эвакуацияланған қызметкерлер ішке кірген жоқ.

Тағы оқыңыз:

Қайрат Боранбаев Ресейдегі «Макдональдс» франшизасын сатып алмақ

Ислам Каримов Өзбекстан халқын тәуелсіздіктің 25 жылдығымен құттықтады

Пышақпен қаруланған ер адам Алматы тұрғындарының зәресін ұшырды (видео)

Харкиге су жаңа пәтер сыйлаған Сапарбаев оны қазақ тілін үйренуге шақырды

Кәрім Мәсімов алғашқы ұстазы туралы айтып берді

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1237738-astanada-qarzhy-ministrligininh-ghimar.html