Выйти
RU

Қарағанды облысында келіншегіне ерегескен азамат көшеде тыр жалаңаш жүрді (фото, видео)

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Бірнеше күннен бері әлеуметтік желіде жүрген видео жұртты шулатты. "Восток" саябағының аймағында белгісіз ер азамат келіншегіне ерегесіп, тыр жалаңаш жүрген. Бұл туралы Еtemirtau.kz басылымына сілтеме жасап stan.kz хабарлайды.

"Өзінің кінәсін толықтай мойындады. Ол келіншегімен ұрысып қалған соң осындай әрекетке барған. Өзінің заттарын бұтақтың түбіне қалдырып кеткен. Денсаулығы мен ақыл-есінде еш кемістік жоқ", – деп мәлімдеді теміртаулық арнайы әкімшілік сотының төрағасы Назгүл Тілекова.

Азамат осы уақытқа дейін алкогольдік ішімдік ішіп, қоғамдық орында шу шығарғаны үшін үш рет әкімшілік жауапкершілікке тартылған екен. Нәтижесінде сот оны 10 тәулікке қамауға алды. Жазасы әзірге заңды күшіне енбеді.

Ескертпе: Видеода бейәдеп кадрлар кездеседі.

Видео: Novosti Temirtau 

Мұнымен қатар, әлеуметтік желіде бұл ер адамның қатысуымен тағы бір видео пайда болды. Аталған видеода азамат тыр жалаңаш күйінде Газмановтың әнін орындап тұрады. Таспадан оның полицейлердің алдында тұрғанын байқауға болады. Ал тәртіп сақшылары өз кезектерінде азаматты әжуалап, видеоға түсірген. Енді тәртіп сақшылары бұл оқиғаның қай жерде болғанын және видеоның желіге қалай тарап кеткенін түсіндіретін болады.

Еске салсақ, бұған дейін теміртаулықтарды жалаңаш жүрген ер адам шошытқанын хабарлаған болатынбыз.

Тағы оқыңыз:

Қайрат Боранбаев Ресейдегі «Макдональдс» франшизасын сатып алмақ

Ислам Каримов Өзбекстан халқын тәуелсіздіктің 25 жылдығымен құттықтады

Пышақпен қаруланған ер адам Алматы тұрғындарының зәресін ұшырды (видео)

Харкиге су жаңа пәтер сыйлаған Сапарбаев оны қазақ тілін үйренуге шақырды

Кәрім Мәсімов алғашқы ұстазы туралы айтып берді

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Қарағанды облысында келіншегіне ерегескен азамат көшеде тыр жалаңаш жүрді (фото, видео)