Выйти
RU

Алматыдағы алғашқы қоңырау: Мектептер бір сыныпқа 45 баладан қабылдауға мәжбүр (фото)

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Алматы мектептері бала санының көп болуы себепті бірінші сыныптарға 40-45 баладан қабылдауға мәжбүр болып отыр деп хабарлайды NUR.KZ.

1 қыркүйек – білім күні. Бұл күні еліміздің барлық мектептерінде алғашқы қоңырау соғылып, оқушылар мектебімен, ұстаздарымен қайта қауышты. Мектеп табалдырығын алғаш аттаған балалар мен ата-аналардың бүгінгі толқынысы да ерекше. Себебі, олардың ендігі өмірі ұстаздардың бағыт-бағдарымен тығыз байланысты болмақ. Бұл қуанышты күнді бөлісу үшін NUR.KZ  тілшісі Алматы қаласындағы  №173 мектеп-лицейіне арнайы барды.

Мектеп-лицейдің директоры Раушан Жұмашқызының айтуынша, бұл оқу орны мың балаға арнап салынған. Алайда биылғы жылы мектеп қабырғасында 2 700 бала оқитын болады. Мектеп-лицейде барлығы 73 сынып бар екен.

«Бала көп, әр сыныпта 40 оқушыдан. Ал бастауыш сыныптарда бала саны 40-тан да жоғары», - дейді мектеп директоры. Бұның басты себебі аталған оқу орны  Мамыр ықшамауданындағы жалғыз мектеп болуында деп түсіндірді Раушан Жұмашқызы.

Ал бір сыныпта 40-45 оқушының отыруы бұл қалыпты жағдайға айналып бара жатқандай. Себебі, директор оқушылар саны жылда көп болатынын жеткізді.

Биыл мектеп-лицейдегі бірінші сыныптар саны  - жетеу. Олардағы оқушы саны 40-тан төмен емес. Бірақ директордың айтуынша, ұстаздар қазір баланың көптігінен қорықпайды. Олар бұл қиындыққа қарамастан баланың сауатын ашып, бесінші сыныпта физика-математика бағытын тереңдетіп оқытуға барынша дайындайды.

Мектеп-лицейге таңертеңнен ағылған балалар мен ата-аналардың қарасы көп. Ұстаздардың да құшақ-құшақ гүлге оранатын күні – 1 қыркүйек.

Ата-аналардың арасынан аты аңызға айналған Ақжол Мейірбековті көзіміз шалып қалды. Ол немересін жетектеп әкеліп, бірінші сынып табалдырығын аттаған бүлдіршіндерге әннен шашу шашты.

Ақжол Мейірбеков барлық оқушыларды жаңа оқу жылымен құттықтап, оларға «Айгөлек» әнін орындап берді. Мүслім есімді немересін ол мектепке «өзім әкеліп тұрамын» деді. Әйгілі «Дос-Мұқасанның» солисі бұл мектепті де кездейсоқ таңдамаған. Ол лицейдің осы күнге дейін жеткен жетістіктеріне мән бергенін жеткізді.

Бірінші сынып оқушылары да мәз-мейрам. «Енді мен үлкен қыз болдым», - дейді бірінші сыныпқа енді аяқ басқан мына қыз.

Олар жиналған көпшілікке өздерінің дайындықтарын көрсетіп, арнайы жаттап келген төрт шумақ тақпақтарын да оқып берді.

Дәстүр бойынша алғашқы қоңырау соғылып, он бірінші сынып оқушылары білім бастауы «Әліппені» өздерінің ізбасарларына табыстады. Енді олар жаңа өмір белесіне қадам басатын болды.

Тағы оқыңыз:

Қайрат Боранбаев Ресейдегі «Макдональдс» франшизасын сатып алмақ

Ислам Каримов Өзбекстан халқын тәуелсіздіктің 25 жылдығымен құттықтады

Пышақпен қаруланған ер адам Алматы тұрғындарының зәресін ұшырды (видео)

Харкиге су жаңа пәтер сыйлаған Сапарбаев оны қазақ тілін үйренуге шақырды

Кәрім Мәсімов алғашқы ұстазы туралы айтып берді

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Алматыдағы алғашқы қоңырау: Мектептер бір сыныпқа 45 баладан қабылдауға мәжбүр (фото)