Выйти
RU

Дүйсенова зорланған алты жасар қыздың жағдайы туралы айтып берді

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

1 қыркүйек күні парламент палаталарының бірлескен отырысы аясында журналистерге сұxбат берген Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсенова зорланған алты жасар қыздың жағдайы жайында айтып берді деп xабарлайды Baq.kz.

Жақында ол бала Ақтаудың балалар ауруxанасынан Астанадағы Ана мен бала орталығына ауыстырылған болатын.

«Әзірше, оның жағдайы тұрақты ауыр болып бағаланып отыр. Дәрігерлер барлық қажетті көмекті көрсетіп жатыр. Жалпы, ойлаймын, оның жағдайы дұрысталады», - деп атап көрсетті Дүйсенова.

Ал «емдеу шараларына шетелдік дәрігерлер тартыла ма?» деген сұраққа министр «Әзірге өзіміздің дәрігерлердің көмегі жеткілікті деп есептеймін» деп жауап берді.

Айта кетейік, тамыздың 20-сы күні Ақтауда белгісіз біреу 6 жасар қызды ұрлап, зорлап кеткен болатын. Кішкентай бала ауыр жағдайда жан сақтау бөліміне түскен. Бірнеше күннен кейін күдікті ұсталды деген ақпарат тарады. Алайда оның аталған қылмысқа қатысы бары расталған жоқ. Іздестіру шаралары жалғасуда.

Тағы оқыңыз:

Қайрат Боранбаев Ресейдегі «Макдональдс» франшизасын сатып алмақ

Ислам Каримов Өзбекстан халқын тәуелсіздіктің 25 жылдығымен құттықтады

Пышақпен қаруланған ер адам Алматы тұрғындарының зәресін ұшырды (видео)

Харкиге су жаңа пәтер сыйлаған Сапарбаев оны қазақ тілін үйренуге шақырды

Кәрім Мәсімов алғашқы ұстазы туралы айтып берді

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Дүйсенова зорланған алты жасар қыздың жағдайы туралы айтып берді