Выйти
RU

Көңілдесімен ұрысып қалған зейнеткер оны аяғынан сүйреп, далаға шығарып тастады

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Қостанайда зейнеткер бірге тұрған әйелін өлтіргені үшін 8 жылға сотталды деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қостанай облысы Наурызым аудандық соты дәрменсіз жағдайда жатқан адамға қатысты қасақана денсаулығына ауыр зиян келтіргені туралы қылмыстық іс бойынша айыпты деп танылған 76 жастағы Мұрат Қалиевке қатысты қылмыстық іс бойынша үкім шықты.

Қайғылы жағдай 21 маусымда Наурызым ауданы Буревестник ауылында орын алды, Қалиев мас күйінде 53 жастағы көңілдесімен ұрысып қалады.

«Жанжал барысында Қалиев жәбірленушінің оң қолына, ішіне екі рет күрекпен дене жарақатын салады, соққы салдарынан әйел кіреберіс жерге құлап қалады. Жәбірленушінің дәрменсіз күйін пайдаланған ол оны аяғынан сүйреп, далаға шығарып тастап, үйдің алдына қалдырып кетеді», - деп хабарлады соттың баспасөз қызметінен.

Қалиевтің қылмыстық әрекеті салдарынан жәбірленуші ауруханаға жеткізілді, ол алынған ауыр жарақатының салдарынан қаза тапты.

Сот үкімімен қылмыскерге жалпы режімдегі түзеу мекемесінде жазасын өтей отырып, 8 жылға бас бостандығынан айыру үкімін шығарды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Тағы оқыңыз:

Қайрат Боранбаев Ресейдегі «Макдональдс» франшизасын сатып алмақ

Ислам Каримов Өзбекстан халқын тәуелсіздіктің 25 жылдығымен құттықтады

Пышақпен қаруланған ер адам Алматы тұрғындарының зәресін ұшырды (видео)

Харкиге су жаңа пәтер сыйлаған Сапарбаев оны қазақ тілін үйренуге шақырды

Кәрім Мәсімов алғашқы ұстазы туралы айтып берді

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Көңілдесімен ұрысып қалған зейнеткер оны аяғынан сүйреп, далаға шығарып тастады