RU

Ақтөбе өңірін басқарып отырған Сапарбаев неден қорқады?

Алғашқы қоңырау күні Ақтөбедегі мектептердің бірінде ашық сабақ өткізген облыс әкімі сүйікті пәнін атады хабарлайды өңірден NUR.KZ тілшісі.

Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев бүгін бірнеше мектептің ашылуына қатысты. Қоңырау соққан бірінші класс оқушыларының қолынан жетектеп жүрген облыс әкімі мектепке келген оқушыларды қуанышқа бөледі. Әкім №32 мектеп гимназиясында жоғары сынып оқушыларымен өткізілген ашық сабаққа қатысып, дәріс оқыды. Кездесу соңы оқушылармен арадағы ашық әңгімемен жалғасты.

Бердібек Сапарбаевтан жоғары сынып оқушылары «Өзім тарих пәнін сүйіп оқимын, сіз мектеп қабырғасында қандай пәнді сүйіп оқыдыңыз?», - деп сұрады.

Облыс әкімі сүйікті сабағын математика екенін айтты.

«Менің сүйіп оқыған пәнім-математика. Тарих пәнін де оқыдым. Ең бірінші математиканы, химияны, биологияны, физиканы жақсы білу керек. Оны жақсы білсең тарихты да оқисың. Тарихты білу керек. Ол біздің мемлекетіміздің, ұлтымыздың тарихы», - деді облыс әкімі.

Оқушылар еркін әңгіме кезінде облыс басшысынан неден қорқатынын да сұрады. Әкім сатқындық пен өтірік сөйлегендерден және өтірікші адамдардан қорқатынын айтты. Кездесу соңында рухты өлеңдер оқылып, патриотты әндер айтылды.

Облыс әкімі соңғы үш күн бойы Ақтөбедегі мерекелік шаралардың басы-қасында жүр. Ол бірнеше ақтөбелікке пәтер кілтін табыстап, мектептер мен балабақшалардың ашылуына қатысқан болатын.

Тағы оқыңыздар:

Алматыдағы алғашқы қоңырау: Алматы мектептері бір сыныпта 40-45 баладан оқытуға мәжбүр (фото)

Назарбаев Әнұран ойнағанда қосылып шырқамаған шенділерді ұялтты

Назарбаев: Бір қолға жүздеген мың гектар жер беруге болмайды

Алматыда баласының сал ауруына шалдыққанын естіген келіншек күйеуі мен ұлын тастап кетті

Дүйсенова зорланған алты жасар қыздың жағдайы туралы айтып берді

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1238278-aqtobedegi-mektepterdinh-birinde-ashy.html