Выйти
RU

Қолданушылар Лидоны Бауыржан Байбекке ұқсатты (фото)

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Желі қолданушылары бірге селфилеткен әнші Лидо мен Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбекті бір-біріне ұқсатты  деп хабарлайды NUR.KZ.

Бүгін білім күні болғандықтан, көптеген әншілер мектептерге барып ән айтып, шенеуніктер білім күнімен барша қауымды құттықтап жатыр. Олар халықтың арасынан табылып, мектеп қабырғасындағы естеліктерімен желіде бөлісіп әлек.

Белгілі әнші Лидоның қызы да бүгін бірінші сынып табалдырығын аттады. Ол бұл қуанышын желі қолданушыларымен бөлісіп, жары, қызы үшеуі түскен суретті ел назарына ұсынды.

Сонымен бірге, Лидо бүгін желідегі парақшасына Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбекпен селфиге түсті.

Суреттің астына: «Біздің әкімнің рұқсатымен түскен кездейсоқ селфиімді бөлісіп отырмын», - деп жазып қойды. Әншінің бұл селфиін көрген қолданушылар оған түрлі пікірлерін жаудырды. Бірі әншіге «Лидо, қартайып қалыпсыз» десе, тағы екіншілері оны Бауыржан Байбекке ұқсатты.

«Ұқсайды», «Ұқсастықтары бар», «Қатты ұқсайды, әсіресе шаш үлгілері», - деді олардан ұқсастық тапқандар.

Тағы оқыңыз:

Қайрат Боранбаев Ресейдегі «Макдональдс» франшизасын сатып алмақ

Ислам Каримов Өзбекстан халқын тәуелсіздіктің 25 жылдығымен құттықтады

Пышақпен қаруланған ер адам Алматы тұрғындарының зәресін ұшырды (видео)

Харкиге су жаңа пәтер сыйлаған Сапарбаев оны қазақ тілін үйренуге шақырды

Кәрім Мәсімов алғашқы ұстазы туралы айтып берді

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Қолданушылар Лидоны Бауыржан Байбекке ұқсатты (фото)