Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Балалары алғаш рет мектепке барған "жұлдыздар"

Опубликовано:

Жаңа оқу жылының басталуы көптеген адамдардың өміріне өзгеріс енгізді. Бұл өзгерістер эстрада «жұлдыздарын» да айналып өткен жоқ. Себебі, олардың бірсыпырасы бүгін балаларын бірінші сыныпқа жетектеп апарды. Қай жұлдыздың баласы бірінші сыныпқа барғанын NUR.KZ анықтап көрді.

Қарақат пен Қыдырәлі

Жұлдызды жұп Қарақат пен Қыдырәлінің Астанадағы Республикалық физика-математикалық мектептің табалдырығын аттады.

Лидо

Әнші Лидоның қызы да бірінші рет оқушы атанды. Ол желі қолданушыларымен қуанышын бөлісіп, олардың құттықтаударына алғысын білдірді.

Алтынай Жорабаева

Алтынай Жорабаеваның да төрт қызының бірі алғашқы қоңырауғға барды. Семанұр есімді қызынан ол үлкен үміт күтетінін жасырмады.

Ерғали Әбдірайымов

"Жігіттер" тобының продюсері Ерғали Әбдірайымовтың де баласы мектепке алғаш рет қадам басты.

Акжол Мейірбековтің немересі

Әйгілі "Дос-Мұқасан" ансамблінің солисті Ақжол Мейірбековтің де немересі бірінші сыныпқа қадам басты. Мүслім есімді әншінің немересі Алматыдағы №173 мектеп-лицедің оқушысы атанды.

Жанат Бақыт

Халыққа "КТК" телеарнасының жаңалықтар жүргізушісі ретінде танылған Жанат Бақыт та ұлын мектепке жетелеп алып келді.

Роза Әлқожа

Белгілі әнші Роза Әлқожаның ұлы да биыл алғаш рет білім айдынына бет бұрды. Ол енді - бірінші сынып оқушысы.

Ерлан Рысқали

Дәстүрлі әнші Ерлан Рысқалидің қызы да алғаш рет мектепке келді. Әкесі оның бұл қадамын желіге жүктеп, қолданушылардың құттықтауына кенелді.

Нұржамал Үсенбаева

Белгілі опера әншісі Нұржамал Үсенбаева әлеуметтік желідегі парақшасына сурет жүктеп, немересінің мектепке барғанын жария етті.

Тағы оқыңыз:

Қайрат Боранбаев Ресейдегі «Макдональдс» франшизасын сатып алмақ

Ислам Каримов Өзбекстан халқын тәуелсіздіктің 25 жылдығымен құттықтады

Пышақпен қаруланған ер адам Алматы тұрғындарының зәресін ұшырды (видео)

Харкиге су жаңа пәтер сыйлаған Сапарбаев оны қазақ тілін үйренуге шақырды

Кәрім Мәсімов алғашқы ұстазы туралы айтып берді

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1238355-balalary-alghash-ret-mektepke-barghan-zhu/

pixel