Выйти
RU

АҚШ-та супермаркетте жанжал шығарған "Владимир Путин" тұтқындалды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Флориданың оңтүстігіндегі Уэст-Палм-Бич қаласында есімі Владимир Путин болатын америкалық тұтқынға алынды. Publix супермаркетінің қызметкеріне айқайлаған ол, ғимараттан шығуға қарсылық білдірген.

Бұл туралы nbcnews.com-ға сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

Жанжал шығарған адамды тыныштандыру үшін дүкен директоры полиция шақырған. GossipExtra сайтының журналисті "Бұл Путин 63 жастағы Ресей президенті емес, 48 жастағы Уэст-Палм-Бичтегі қаңғыбас" деп жазды.

Америкалық Путинді ұстаған полиция бөтен аумақта заңсыз жүргені үшін және күш қолданбай ұстау кезіндегі көрсеткен қарсылығы үшін оған айып тақты. Ол бастапқыда тәртіп сақшыларына өз есімін айтудан бас тартқан.

Сосын полицейлер оны Джон Доу атты жалған есіммен тіркейді. Бірақ, полиция базасында ол Владимир Путин аты-жөнімен тіркелгені мәлім болады. Оның ісі енді қыркүйектің аяғында болатын сот кезінде қаралады.

Тағы оқыңыздар:

Ақтөбе өңірін басқарып отырған Сапарбаев неден қорқады?

Алматыдағы алғашқы қоңырау: Алматы мектептері бір сыныпта 40-45 баладан оқытуға мәжбүр (фото)

Назарбаев Әнұран ойнағанда қосылып шырқамаған шенділерді ұялтты

Назарбаев: Бір қолға жүздеген мың гектар жер беруге болмайды

Алматыда баласының сал ауруына шалдыққанын естіген келіншек күйеуі мен ұлын тастап кетті

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
АҚШ-та супермаркетте жанжал шығарған "Владимир Путин" тұтқындалды