Выйти
RU

Премьер-министр жалаңаш төсті Францияның символы деп атады

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Франия премьер-министрі Мануэль Вальс жабық буркини (мұсылман әйелдерінің суға түсетін киімі) киюге қарсылық танытты. Ол өз сөзінде республиканы хиджаб емес, жалаңаш төс бейнелейтінін айтты деп хабарлайды Stan.kz.

Үкімет басшысының орындауында 1972 жылғы Ұлы Француз революциясынан кейін ұлттың мақтанышына айналған Марианна жөнінде сөз болған еді.

«Мариана жалаңаш төсімен бейнеленеді. Өйткені, ол елді азықтандырады. Оның жүзі ашық. Өйткені, ол – азат. Ол нағыз мемлекеттің өзі», – дейді Вальс.

Оның пікірі тарихшылар арасында үлкен дау тудырды. Матильда Ларере желідегі парақшасында Вальстің пікірін сынға алып: «Мариананың жалаңаш кеудесі аллегорияға жатады», – деп жазды.

Бұған дейін буркиниді киюге Франция қалаларында тыйым салынған.

30 тамыз күні Ницца қаласының соты адам құқығын ескере отырып, Канн мұсылмандарының буркини киюіне рұқсат берген. 26 тамыз күні де Францияның Бас кеңесі Вильнёв-Любе қаласында буркиниге тыйым салу заңсыз деп таныды.

Бұған дейін Канн жағажайында мұсылман әйелдерінің "буркини" киюіне тыйым салынған.

Тағы оқыңыздар:

Ақтөбе өңірін басқарып отырған Сапарбаев неден қорқады?

Алматыдағы алғашқы қоңырау: Алматы мектептері бір сыныпта 40-45 баладан оқытуға мәжбүр (фото)

Назарбаев Әнұран ойнағанда қосылып шырқамаған шенділерді ұялтты

Назарбаев: Бір қолға жүздеген мың гектар жер беруге болмайды

Алматыда баласының сал ауруына шалдыққанын естіген келіншек күйеуі мен ұлын тастап кетті

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Премьер-министр жалаңаш төсті Францияның символы деп атады