RU

Қарағандыда егіз оқушыларға егіз мұғалімдер сабақ бермек (фото)

Қарағандыда биыл мектеп табалдырығын аттап жатқан егіздер көп. Бір білім ошағына кемі бір егізден келсе, кейбіріне 2 немесе 3 жұптан барып жатыр деп хабарлайды КТК арнасы.

Бір баланы мектепке жинауға қиналатындардың жанында, алғашқы қоңырауға артынып-тартынып келген егіздерге деген ықылас та бөлек. Мәселен, қаладағы №93 гимназияға биыл келген үш егіздер жұбына егіз мұғалімдер әліпбиді үйреткелі жатыр.

Томирис пен Урсуланы бантиктерінен ажыратуға келсе, егіз қозыдай екінші жұпты тек анасы таниды.

Алғашқы қоңыраудан соң сыныпқа кірген Ділназ бен Гүлназ анасынан гөрі, – әкесіне жақын. Өз басынан өткен соң қыздарының қылығы мен қызығы оған, әсіресе, ыстық.

Мектепке егіздер келсе, бірден бастауыш сыныптың мұғалімдері Салтанат пен Махаббатқа табысталады. Өйткені олар да егіздер. Бір-біріне қатты ұқсамаса да бір құрсақтан қатар шыққан соң, өздері секілді егіздермен тез тіл табысады.

"Сыныбымызда қазір 3 егіз бала келіп отыр. Сол егіздерді ұлды мен алайын қызды мен алайын деп екеуміз бөлістік. Ділназ Гүлназды Салтанат алды, Әбдірахым мен Әбдірахманды мен алдым. Сосын Данияр мен Дилар бар оны жарайды сен алшы деп Салтанатқа бердім. Сөйтіп бөлістік. Ол да бізге қызықты. Әр жылда сынып алғанда сыныбымызда міндетті түрде егіздер болады", - дейді бастауыш сынып мұғалімдері Салтанат және Махаббат Айтбай.

Ұстаздар бір құрсақтан шыққан егіздерді алғашында айыру қиынға соғатынын жасырмайды. Бірақ кемі бір жылда оларды мектептегі еден жуушыға дейін ажыратады екен. Өздеріне тән қасиеттері арқылы. Ал танымағандар үшін бірінің атын бірі жамылып, балаға тән құйтырқы әрекеттерімен мектептегі күндердің көрігін қыздыру да осы егіздерден шығады.

Тағы оқыңыздар:

Қостанай облысында ер адам жантүршігерлік жол апатынан мерт болды

Ақтөбе өңірін басқарып отырған Сапарбаев неден қорқады?

Алматыдағы алғашқы қоңырау: Алматы мектептері бір сыныпта 40-45 баладан оқытуға мәжбүр (фото)

Назарбаев Әнұран ойнағанда қосылып шырқамаған шенділерді ұялтты

Назарбаев: Бір қолға жүздеген мың гектар жер беруге болмайды

Алматыда баласының сал ауруына шалдыққанын естіген келіншек күйеуі мен ұлын тастап кетті

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1238745-qaraghandyda-egiz-oqushylargha-egiz-mugh.html