RU

Бақытбек Есентаевтың қорғаушысы оның Баянды неліктен соққыға жыққанын айтып берді

Бақытбек Есентаевтың қорғаушысы оның Баянды соққының астына алуына не себеп болғанын айтып берді деп хабарлайды Today.kz порталына сілтеме жасап NUR.KZ.

Қорғаушы Бекболат Жексейітовтің айтуынша, танымал продюсердің күйеуі отбасын сақтап қалғысы келген және ол істеген ісіне өкініп отыр.

«Ол өзінің жұбайының жаны мен тәніне жара салғанына өкініп отыр. Ол әйелін өлтіру туралы ойламаған, қайта өзінен жібергісі келмеген. Бұл ниетінің арты осындай жағдайға әкеліп тұр. Жұбайы өзінің рұқсатынсыз шетелге шығып кеткендіктен, ол оны қызғанған», - дейді ол.

«Ол (ред.-Баян Есентаева), шамасы, ажырасқысы келген. Ал Бақытбек отбасының бұзылуын қаламаған. Ол ажырасқысы келмеген, ал жұбайы келіспей қойған. Осылайша, ұрыс-керіс кезінде ол пышақ сұғып алған. Әлбетте, өкініп отыр. Ол екі баласының анасы ғой», - деп хабарлады Бекболат Жексейітов.

Естеріңізге салсақ, биылғы жылдың 10 маусымында қазақстандық продюсер Баян Есентаеваны күйеуі Бақытбек Есентаев ауыр соққыға жығып, ол Талғар аудандық ауруханасының жансақтау бөлімінен бір-ақ шыққан еді. Бұдан соң, оның күйеуі Бақытбектің тұтқынға алынғаны белгілі болған.

Ал тамыздың 3 күні оның абақтыда отыру мерзімі тағы бір айға ұзартылған болатын. Баян 20 маусым күні ауруханадан шығарылып, кейіннен оның Германияда сауықтыру орталығында жатқаны белгілі болған. Кейіннен оның соққыға жығылғаннан кейін салған алғашқы суреті жарияланып, қалың жұртшылықтың қуанышы қойнына сыймаған еді.

Бүгінде продюсердің суреттері желіде жиі жарияланып жүргенімен, ол ауыр соққыдан кейін әлі бет-жүзін көрсетпеді. Таяу күндері оның елге оралғаны белгілі болған. Оның суреттеріне әншінің денсаулығы қалпына келе жатқанын байқауға болады.

Тағы оқыңыздар:

БАҚ Ислам Каримовтың қашан және қайда жерленетінін хабарлады (фото)

Қарағандыда егіз оқушыларға егіз мұғалімдер сабақ бермек (фото)

Шымкентте 17 жастағы қызды аяусыз өлтірген такси жүргізушісіне үкім шықты

Танымал қазақстандық шахматшы қыз енді Ресейдің намысын қорғайды

Жас келіншек букмекерлік кеңселердің кесірінен күйеуінен үнемі таяқ жейтінін айтады

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1238780-bayan-esentaevanynh-kuyeuininh-qorghaush.html