RU

Есіктегі топ болып зорлаудың құрбаны болған бойжеткен алғаш рет сұхбат берді (видео)

девушка закрывается рукой
Фото: Facebook

Есікте бір топ жігіт жабылып зорлап кеткен Жібек Мусинова Exclusive порталына берген сұхбатында алдын ала тергеу нәтижелерімен неге келіспей отырғанын айтып берді деп хабарлайды NUR.KZ.

Сонымен бірге, басылымның айтуынша, бұс істегі басты айыпталушы өмірбаянының да атышулы тұстары белгілі болған.

Қылмыс куәгері Болат Мусинов басты айыпталушыны өз көлігімен тасып, оған Есік АІІБ жанында кеңес берген полиция қызметкерін көрдім дегенінен таймай отыр. Ал баспасөз қызметі бұл қызметкердің Алматы қаласында істейтінін және сол түні Есікке жеке шаруаларымен барғаны туралы түсінік берген.

Жібек Мусинова бұл іспен бірінші болып айналысқан тергеушіні де қылмыстық жауапкершілікке тартуды талап етіп отыр.

Сонымен бірге, жәбірленушінің пікірінше, басты күдікті Алмас Ермековті көлігімен тасып, кеңес берген полиция қызметкері де жауапкершіліктен құтылып кетуі мүмкін. Себебі, оның ақшасы да, таныстары да бар. Сұхбат берушілердің сөзіне сенсек, ол бұған дейін де көп көзге түсіп жүрген адам.

Сұхбаттың толық нұсқасы жуық арада назарға ұсынылмақ.

Сондай-ақ, жәбірленушінің туыстары қызды зорлағандардың бірінің отбасын танитын болып шыққан, деп хабарлайды "Астана"  телеарнасы.

Ол 11 жыл бойы Жібек Мусинова оқыған оқу орнынан он-ақ метр жерде тұрған мектепте оқыған.

«Біз Алмаздың әжесін білеміз. Біздің атамыз олардың отбасын танитын, олармен араласып тұратын. Ал былай мен өзім білмеймін.  Мен бұл төртеуіне қатаң жаза тағайындалғанын талап етемін. Кешірім болмайды. Олар кешірім сұрап келіп жатыр, бірақ кешірім болмайды. Оларды Қазақстан Заңы жазаласын», – дейді жәбір көрген қыздың анасы Гүлбадар Мусинова.

Ол топ болып зорлық жасады деген күдіктілер мен қылмысты жаба салғысы келді делінген Есік полиция қызметкерлерін қатаң жазалауды талап етіп отыр. Жәбірленуші тарап атышулы істің мұқият зерттелгенін қалайды.

«Біздің Есікте зорлық көп. Бұған дейін қылмыстың бәрін жылы жауып, кешірім беріп, сотқа жібермей қоя салатын. Себебі, қыздар ұялатын», - дейді Гүлбадар. Жібектің анасы қызының жағдайы туралы да айтты. Оның айтуынша, Жібектің денсаулығы жақсарғанымен, ол  жан жарасынан әлі айыққан жоқ. Психолог Жібектің жанына ешкімді жолатпауға кеңес берді. Бірақ, туыстары оның емі қашанға дейін жалғасытынын айтқан жоқ.

Еске салсақ, Алматы облысы  Еңбекшіқазақ ауданы Есік қаласының тұрғынын төрт жігіт зорлап кеткен болатын. Жәбір көрген қыздың ағасы бұл оқиғаның мән-жайын айтып берген еді.

Бұған дейін полиция күдіктілердің төртіншісі қамауға алынғаны туралы ақпарат берген.

Тағы оқыңыздар:

БАҚ Ислам Каримовтың қашан және қайда жерленетінін хабарлады (фото)

Қарағандыда егіз оқушыларға егіз мұғалімдер сабақ бермек (фото)

Шымкентте 17 жастағы қызды аяусыз өлтірген такси жүргізушісіне үкім шықты

Танымал қазақстандық шахматшы қыз енді Ресейдің намысын қорғайды

Жас келіншек букмекерлік кеңселердің кесірінен күйеуінен үнемі таяқ жейтінін айтады

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1238907-esiktegi-zhappay-zorlanghan-qyz-alghashq.html