RU

Әділбек Ниязымбетов туған қарындасын ұзатты (фото)

Рио-де-Жанейродағы Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері, боксшы Әділбек Ниязымбетов қарындасын ұзатты деп хабарлайды NUR.KZ.

Күні кеше ғана күллі қазақ елін Рио-де-Жанейродағы Олимпиада ойындарында топ жарып, жүлделі орынға ие болып қуантқан Әділбектің отбасында тағы бір қуаныш. Ол өзінің қарындасы Құмарды ұзатты. Желіде ұзату тойынан түскен Әділбектің суреттері пайда болды.

Суретке қарап, ұзату тойының 1 қыркүйек күні өткенін білуге болады. Алайда, Әділбектің күйеу баласы туралы нақты ақпарат жоқ.

Құмар - Әділбектің екі қарындасының бірі. Құмардан басқа оның Батырбек есімді ағасы мен Әсем деген қарындасы бар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1238995-adilbek-niyazymbetov-tughan-qaryndasy.html