RU

Испаниялықтар атысып ойнау үшін 150 тонна қызанақты ысырап қылды (фото)

Испанияның Буньоль қаласында он мыңдаған адам қызанақпен атысып, фестиваль өткізді. Олар көңіл көтеру үшін 150 тоннадан астам қызанақты ысырап еткен деп хабарлайды 24.kz арнасы.

1945 жылы бастау алған ойын әлі күнге дейін жалғасып келеді. Ережесіз ойында қарсылас та, командалас та жоқ. Әркім өз басын қорғап, жұртты атқылаумен болады. 10 мың тұрғыны бар Буньоль қаласына осы фестиваль кезінде жан-жақтан 40-50 мың қонақ келеді екен. Олардың барлығы фестивальге қатысу үшін билет алуға міндетті.

«Барып тұрған бассыздық дерсің. Адамдардың бәрі абыржып, қайда қарарын білмей дал. Қызанақтармен бас демей, көз демей, атқылай береді. Кейбіреуі қатты екен. Бірақ осының бәріне қатысып, басымнан өткергеніме қуаныштымын», -дейді фестивальге қатысқан Кристов.

Тағы оқыңыздар:

БАҚ Ислам Каримовтың қашан және қайда жерленетінін хабарлады (фото)

Қарағандыда егіз оқушыларға егіз мұғалімдер сабақ бермек (фото)

Шымкентте 17 жастағы қызды аяусыз өлтірген такси жүргізушісіне үкім шықты

Танымал қазақстандық шахматшы қыз енді Ресейдің намысын қорғайды

Жас келіншек букмекерлік кеңселердің кесірінен күйеуінен үнемі таяқ жейтінін айтады

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1239009-ispaniyalyqtar-atysyp-oynau-ushin-150-tonn.html