RU

Ресейдің танымал әншісі Атырауға келіп 500 мың теңгеге кілем сатып алды

Ресейлік танымал әнші Лолита Атырауға жасаған сапары кезінде қазақстандық кілемдерді мол қылып сатып алыпты. Әнші Қазақстанның батыс өңіріне үйлену тойында ән салу үшін келіпті.

Бұл туралы Экспресс К басылымына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

Лолита да әртістер арасындағы жазылмаған заңдылықты қатаң сақтап, жекелеген тойлардағы өнер көрсеткенін жария ете бермейді. Дегенмен Атырау дүкендеріне барғаны кілем сатушылардың ұялы телефонының кадрларына ілініп қалыпты. Олардың сөзінше, Ресей эстрадасының жұлдызы шығыстық үлгіде өрнектелген екі кілем сатып алған.

Қолдан тоқылған жібек кілемдерді сатып алу үшін әнші 500 мың теңге жұмсаған. Ал белгілі болғандай, Лолита Атыраудағы тойда жергілікті жұлдыздар Роза Рымбаева, Ділназ Ахмадиева, Арарат Кещяндармен бірге ән салған.

Лолита Милявская Ресейдің ең үздік әртістерінің қатарынан ойып тұрып орын алады. Интернеттегі мәліметтер бойынша, оның бір ән айтқанының өзі 15 мың долларға бағаланады екен.

Тағы оқыңыздар:

БАҚ Ислам Каримовтың қашан және қайда жерленетінін хабарлады (фото)

Қарағандыда егіз оқушыларға егіз мұғалімдер сабақ бермек (фото)

Шымкентте 17 жастағы қызды аяусыз өлтірген такси жүргізушісіне үкім шықты

Танымал қазақстандық шахматшы қыз енді Ресейдің намысын қорғайды

Жас келіншек букмекерлік кеңселердің кесірінен күйеуінен үнемі таяқ жейтінін айтады

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1239067-reseylik-zhuldyz-atyraugha-kelip-500-mynh-t.html