RU

БАҚ: Назарбаев Қытайдағы сапарын қысқартып, Өзбекстанға барайын деп жатыр

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қытайдағы сапарын қысқартып Өзбекстанға барайын деп жатыр. Бұл туралы Reuters Қазақстан үкіметіндегі дереккөзге сілтеме жасап хабарлайды.

"Жоспарлардың кенеттен өзгеруі Қазақстан үкіметі Өзбекстан президенті Ислам Каримовтың қазасы туралы хабарлауға дайындалып жатқанын білдіруі мүмкін", - делінген хабарламада.

Айта кетсек, Нұрсұлтан Назарбаев 4-5 қыркүйекте Ханчжоуда өтетін G-20 Саммитіне қатысу үшін Қытайға барған.

Осыған дейін БАҚ Ислам Каримовтың қазасы туралы жазған еді. Алайда ресми билік Өзбекстан президентінің қаза болғаны жайлы хабарды жоққа шығарған. Басылым келтірген деректер бойынша, Каримовтың туған жері – Самарқанда оны жерлеуге дайындық жұмыстары басталып кеткен.

Ал сол арада Өзбекстан үкіметі Ислам Каримовтың халі нашарлап кеткенін хабарлаған.

Еске сала кетсек, 28 тамызда Өзбекстан президенті ауруханаға түсіп қалғаны белгілі болды.

Тағы оқыңыздар:

БАҚ Ислам Каримовтың қашан және қайда жерленетінін хабарлады (фото)

Өзбекстан үкіметі Ислам Каримовтың халі нашарлап кеткенін хабарлады

Зағипа Балиева: Педофилдерді өлім жазасына кесу керек

Есіктегі топ болып зорлаудың құрбаны болған бойжеткен алғаш рет сұхбат берді (видео)

Бақытбек Есентаевтың қорғаушысы оның Баянды неліктен соққыға жыққанын айтып берді

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1239135-baq-nazarbaev-qytaydaghy-saparyn-qysq.html