RU

Джеки Чанға "Оскар" сыйлығы берілетін болды

Джеки Чанға "Әлемдік кино саласына қосқан үлесі үшін "Оскар" сыйлығы берілмек деп хабарлайды  Skifnews.kz ақпараттық порталына сілтеме жасап NUR.KZ.

Белгілі актер әрі режиссер Джеки Чанға  кино саласына қосқан елеулі үлесі үшін  "Оскар" сыйлығы берілетін болды.  "Оскар" мүсіншесін салтанатты табыстау рәсімі Лос-Анджелес қаласында 12 қарашада өтеді.

Басылымның хабарлауынша, "Оскар" сыйлығы Джеки Чаннан басқа деректі фильмдер режиссері Фредерик Уайзман, монтаж маманы Энн Коутс және актерларды іріктеу бойынша режиссер Линн Сталмастерге беріледі. Олар кино саласында жарты ғасырдан астам еңбек еткен. Сталмастер болса 200-ден астам фильмнің түсіріліміне қатысқан.

Қазірде 62 жасқа келген Джеки Чан 100-ден астам фильмде басты кейіпкелердің ролін сомдаған. Мұнымен қоса, ол  шығыс жекпе-жегінің шебері, түрлі акробатикалық әдістерді орындайтын маман екені  де белгілі.

Тағы оқыңыздар:

БАҚ Ислам Каримовтың қашан және қайда жерленетінін хабарлады (фото)

Өзбекстан үкіметі Ислам Каримовтың халі нашарлап кеткенін хабарлады

Зағипа Балиева: Педофилдерді өлім жазасына кесу керек

Есіктегі топ болып зорлаудың құрбаны болған бойжеткен алғаш рет сұхбат берді (видео)

Бақытбек Есентаевтың қорғаушысы оның Баянды неліктен соққыға жыққанын айтып берді

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1239176-dzheki-changha-oskar-syylyghy-beriletin-b.html