RU

Роза Рымбаеваның кіші ұлы да әншілікке бет бұрды (Видео)

Танымал әнші Роза Рымбаеваның кіші ұлы Мәди Рымбаев ән жаздырып, ағасы Әли мен анасының жолын қуды деп хабарлайды NUR.KZ.

Роза Рымбаеваның кіші ұлы Мәди де ағасының ізін басып, өнер жолына қарай аяқ басты. Ол өзінің "Сені ойлап" деп аталатын жаңа әнін халық назарына ұсынды. Бұл туралы әнші, Мәдидің туған ағасы Әли Оқапов желідегі өз парақшасына жазды.

Әнсүйер қауым үшін бұл жаңалық болды. Себебі қолданушылардың айтуынша, олар бұрын-соңды Мәдидің әнге икемі барын білмеген.

Мәдидің әнін тыңдаған тыңдармандар оның даусын ағасы Әлидің даусына ұқсатты.  Бірақ, кейбірі Мәдидің Әлиден асып түсетініне күмән келтірді.

"Бәрібір саған жетпейді", - деп жазды желі қолданушыларының бірі. Мәдидің даусын мақтап, анасы Розаның даусы сияқты дегендер де болды.

Тағы оқыңыздар:

БАҚ Ислам Каримовтың қашан және қайда жерленетінін хабарлады (фото)

Өзбекстан үкіметі Ислам Каримовтың халі нашарлап кеткенін хабарлады

Зағипа Балиева: Педофилдерді өлім жазасына кесу керек

Есіктегі топ болып зорлаудың құрбаны болған бойжеткен алғаш рет сұхбат берді (видео)

Бақытбек Есентаевтың қорғаушысы оның Баянды неліктен соққыға жыққанын айтып берді

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1239362-roza-rymbaevanynh-kishi-uly-da-anshilikk.html