RU

Отандық саясаттанушы Өзбекстанда билік ауысуының ықтимал үш сценариін атады

Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының директоры, саясаттанушы Ерлан Қарин Өзбекстанда болуы ықтимал билік ауысуының үш сценариін атады деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Еске сала кетейік, бұған дейін Өзбекстан билігі ауруханада жатқан Президент Ислам Каримовтің жағдайы ауыр екенін хабарлаған болатын. Осыған орай, белгілі қазақстандық саясаттанушы өзінің пікірін Фейсбуктегі парақшасында жариялап отыр.

Қаринның айтуынша, өзбек саясатының жабықтығын және жергілікті саяси элита құрылымының ерекшелігін ескере отырып, биліктің қандай сценарийлерімен ауысатынын болжау аса қиын. Оның пікірінше, әзірбайжандық деп аталатын сценарийдің - яғни, билік өкілеттілігінің отбасы мүшесіне берілуі екіталай, тіпті бұл сценарий іске аспайды деп сеніммен айтуға болады.

Сонымен қатар, Өзбекстанда отбасы саяси ықпалдың факторы ретінде қалыптаса алмаған. Осы ретте Ерлан Қарин  ықтимал деген негізгі сценарийлерді келтіреді.

«Бірінші - «Арнаулы құрылымдар». Элитадағы бірден-бір ұйымдасқан топ - арнаулы құрылымдар өкілдері қазіргі кезде топтасып жұмыс жасауға қабілетті жалғыз күш. Жергілікті арнайы қызмет - Ұлттық қауіпсіздік қызметі өзбек билік жүйесіндегі негізгі құрылым болып табылады, және де сыртқы күштермен байланыстар осы құрылымдар арқылы жүзеге асып келген болатын, ал қазіргі жағдайда бұл да маңызды фактор.

Екінші - «Консенсустық фигура». Өзбек лидерінің денсаулығы туралы ресми ақпаратты президент баспасөз қызметі немесе президент әкімшілігі құрылымдары емес, үкіметтің таратуы жергілікті билік иерархиясында премьер-министрдің қандай да бір ықпалды рөлі бар екендігін және оның тақ мұрагері ретінде сайлануы мүмкін екендігін байқатады.

Үшінші - «Конституциялық». Бұл сценарийдің болуы екіталай, десек те, оны мүлдем шығарып тастауға да келмес. 2011 жылы Өзбекстанның негізгі заңына Мемлекет басшысын ауыстыру схемасын нақтылайтын бірқатар өзгерістер енгізілді: «Президент өз міндеттерін атқара алмаған жағдайда, оның құзыреттері уақытша Өзбекстан Республикасы Жоғарғы мәжіліс Сенатының төрағасына жүктеліп, «Өзбекстанның Президентін сайлау туралы» Заңға сәйкес үш айдың ішінде сайлау өткізілуі тиіс», - деп жазады ол әлеуметтік желідегі парақшасында.

Тағы оқыңыздар:

БАҚ Ислам Каримовтың қашан және қайда жерленетінін хабарлады (фото)

Өзбекстан үкіметі Ислам Каримовтың халі нашарлап кеткенін хабарлады

Зағипа Балиева: Педофилдерді өлім жазасына кесу керек

Есіктегі топ болып зорлаудың құрбаны болған бойжеткен алғаш рет сұхбат берді (видео)

Бақытбек Есентаевтың қорғаушысы оның Баянды неліктен соққыға жыққанын айтып берді

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1239427-otandyq-sayasattanushy-ozbekstanda-bi.html