RU

Баян Есентаева: Уақыты келгенде бәрін өзім айтып беремін

Танымал әнші әрі продюсер Баян Есентаева қазіргі жағдайының жақсы еместігін  айтты деп хабарлайды NUR.KZ. 

Актриса өміріне араласатындардан шаршағанын жеткізді. Бұл туралы әлеуметтік желідегі парақшасында айтты.

"Менің жағдайым әлі де жақсы емес. Менің балаларым бар, олар қиналып жүр. Мен БАҚ-тан 10 маусым күні болған жайттың егжей-тегжейін қайта-қайта жаза бермеуін сұраймын. Әрбір адам еркін жүріп-тұруға құқылы, менің жеке өмірім жеке болудан қалды, барлығы жария болды. Менің үндемей отырғаным - менің таңдауым. Уақыты келгенде мен бәрін айтып берем, менің басқа амалым жоқ", - деп жазды ол.

Естеріңізге салсақ, биылғы жылдың 10 маусымында қазақстандық продюсер Баян Есентаеваны күйеуі Бақытбек Есентаев ауыр соққыға жығып, ол Талғар аудандық ауруханасының жансақтау бөлімінен бір-ақ шыққан еді. Бұдан соң, оның күйеуі Бақытбектің тұтқынға алынғаны белгілі болған.

Ал тамыздың 3 күні оның абақтыда отыру мерзімі тағы бір айға ұзартылған болатын. Баян 20 маусым күні ауруханадан шығарылып, кейіннен оның Германияда сауықтыру орталығында жатқаны белгілі болған. Кейіннен оның соққыға жығылғаннан кейін салған алғашқы суреті жарияланып, қалың жұртшылықтың қуанышы қойнына сыймаған еді.

Бүгінде продюсердің суреттері желіде жиі жарияланып жүргенімен, ол өзінің бет-жүзін көрсетпей түсіп жүр. Таяу күндері оның елге оралғаны белгілі болған. Оның суреттеріне әншінің денсаулығы қалпына келе жатқанын байқауға болады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1239471-bayan-esentaeva-uaqyty-kelgende-barin.html