RU

Қарағандыда 4 жасар бүлдіршін көлікте өртеніп кетті

Өрт сөндірушілер тұрғын үйдің ауласында жанып кеткен көліктің ішінен бүлдіршіннің денесін тапты деп хабарлады Қазақстан жаңалықтарына Қарағанды облысы ТЖ департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі Қуаныш Муталлапов.

Оның мәліметінше, жұма күні сағат 13.00-де Volkswagen Transporter көлігі өртеніп жатыр деген хабарлама келіп түскен. Оқиға орнына бірден өрт сөндіру және апаттық-құтқару қызметі кеткен.

"Келіп жеткен кезде, олар 2012 жылы туылған баланың денесін тапқан", — деді Муталлапов. Өрт сағат 13.20-да ауыздықталды. Өрт себептері анықталуда.

Тағы оқыңыздар:

БАҚ Ислам Каримовтың қашан және қайда жерленетінін хабарлады (фото)

Өзбекстан үкіметі Ислам Каримовтың халі нашарлап кеткенін хабарлады

Зағипа Балиева: Педофилдерді өлім жазасына кесу керек

Есіктегі топ болып зорлаудың құрбаны болған бойжеткен алғаш рет сұхбат берді (видео)

Бақытбек Есентаевтың қорғаушысы оның Баянды неліктен соққыға жыққанын айтып берді

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1239484-qaraghandyda-4-zhasar-buldirshin-kolikte.html