RU

Өскеменде 9 мамыр күні соққыға жығылған соғыс ардагері қылмыскерді кешіре салды

Бірер күн бұрын Өскемендегі №2 сотта екінші дүниежүзілік соғыс ардагері 92 жастағы Михаил Рогожкинді тонап кетуге байланысты сот процесі аяқталды. Қарт кісі қылмыскерге кешірім беріп, соттан оны бас бостандығынан айырмауды сұрады. Бұл туралы Өскемен Жаңалықтарына сілтеме жасап stan.kz хабарлайды.

Еске салсақ, Михаил Рогожкинді тура 9 мамыр күні тонап кеткен болатын. Мас күйдегі ер адам ардагердің пәтеріне кіріп, оны ұрып үйден ақша мен ордендерін алып кеткен. Бұдан соң ол ештеңе болмағандай көрші үйге барып, мерекелік дастарханнан дәм татқан.

Ал ардагер болса туыстарына хабарласып, болған жағдайды баяндап береді. Оқиға орынына келген полицейлер көп ұзамай-ақ күдіктіні ұстайды. Ол осы уақытта қылмысын жасыру үшін ардагердің ордендерін унитазға ағызып жібермекші болған. Алайда қарттың ордендерін тәртіп сақшылары сақтап қалады.

Ұсталған күдікті – 40 жастағы, бұрын сотталмаған, Сергей Сурков есімді Ресей Федерациясының азаматы екен.

Сурковтың мойындауынша, 9 мамыр күні ол және әпкесі туыстарының үйіне мерекелеуге барады. Бір кезде спирттік ішімдік таусылып, Сурков дүкенге кеткен. Ол сол сәтте пәтер иесімен бірге неміс овчаркасын да серуендетіп үлгеріпті. Арақ сатып алып, үйге қайтқан. Подъезде ардагермен кезігіп қалады. Сурковтың айтуынша, қарт кісі одан ит туралы сұрап, сосын вино ішуді ұсынған.

Олар баспалдақпен бірге көтеріледі. Ал рогожкин пәтерінің есігін ашқан кезде, қолындағы ит кенеттен сол жаққа қарай атылады. Сурков та иттің ізінен жүгіріп, зейнеткердің кеудесінен ұрып алған. Ал сосын сот материалындағыдай “Рогожкинді жұдырықпен бетінен ұрып”, бұдан кейін “медалдарын ұрлап алып кетіп қалады”. Өзінің әрекетін ер адам мас күйде болғандықтан деп түсіндірген.

Сот залында Михаил Рогожкин қылмыскердің ақшаны қайтарғанын айтып, оны бас бостандығынан айырмауды сұраған. Ал екі тарап келісе отырып, моральдық өтемақы ретінде бір миллион теңгеге келіскен.

Осы оқиғаға байланысты Ақмола облысының оқушылары бұзақының әрекеті үшін ардагерден кешірім сұрап, арнайы бейнежазбаны жария еткен болатын.

Тағы да оқыңыздар:

Ақпарат агенттігі Өзбекстан президенті Ислам Каримовтің қазасы туралы хабарлады

Түркия премьері Каримовтің қазасына байланысты көңіл айтты

Ислам Каримов несімен ел есінде қалды? (фото)

Отандық саясаттанушы Өзбекстанда билік ауысуының ықтимал үш сценариін атады

Алматыдағы барахолка маңында өрт шықты (фото, видео)

Астанада Ерасыл Әубәкіровтің өліміне қатысты негізгі сот отырысы басталды

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1239658-oskemende-9-mamyr-kuni-soqqygha-zhyghylgha.html