RU

Британиялық аспаз "өлім кеспесін" жеген соң есту қабілетінен айырылып қалды (видео)

22 жастағы британиялық аспаз Бен Сумадивир "әлемдегі ең ащы кеспені" жегеннен кейін есту қабілетінен айырылып қалды. Бұл туралы The Mirror сайтына сілтеме жасап stan.kz хабарлайды.

"Өлім кеспесі" Джакартадағы асханалардың бірінде сатылады екен. Оның ішінде 100 майдаланған бұрыш және Сковилла шкаласы негізіндегі 20 миллион бірлік ащылық бар.

Әлемдегі ең ащы кеспені жегеннен кейін Беннің басы айналып, шектен тыс терлеп және екі минутқа есту қабілетінен айырылған. Ол өз-өзіне келу үшін басын салқын сумен жуып, қайта-қайта сүт коктейлін ішкен.

Видеоны жүйкесі жұқа адамдарға қарауға кеңес бермейміз.

Видео: Awesome Eats

"Кеспенің дәмі мүлде сезілмейді. Бұл кішкене ғана кеспенің дәмі бар таза май. Менің ернім өртеніп кетті. Ыстықтатқаны сонша тіпті сезе де алмай қалдым. Мен бұған дейін васаби, басқа да ащы тамақтар жейтінмін. Бірақ олардың ешқайсысы мұның қасында түкке тұрмай қалады екен", – дейді Бен.

Тағы да оқыңыздар:

Ақпарат агенттігі Өзбекстан президенті Ислам Каримовтің қазасы туралы хабарлады

Түркия премьері Каримовтің қазасына байланысты көңіл айтты

Ислам Каримов несімен ел есінде қалды? (фото)

Отандық саясаттанушы Өзбекстанда билік ауысуының ықтимал үш сценариін атады

Алматыдағы барахолка маңында өрт шықты (фото, видео)

Астанада Ерасыл Әубәкіровтің өліміне қатысты негізгі сот отырысы басталды

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1239723-britaniyalyq-aspaz-olim-kespesin-zhege.html