RU

Өзбекстан билігі президент Ислам Каримовтің қаза болғанын хабарлады

Өзбекстанда 79 жасына қараған шағында мемлекет басшысы Ислам Каримов дүниеден озды. Бұл туралы елдің үкіметі мен парламенті хабарламасында айтылды деп хабарлайды РИА Новости.

Мемлекет басшысын жерлеу рәсімі 3 қыркүйек күні Самарқанда өтеді.

Өзбекстан президентінің кіші қызы Лола Каримова-Тилляева да әкесінің қазасы жайлы өзінің Instagram парақшасында жазды.

"Ол бізді тастап кетті... Бұған өзім сене алар емеспін...", - деп жазды ол.

Өзбекстан президентінің халі нашарлап кеткені туралы хабар жексенбі күні айтылды. Министрлер кабинеті Каримовтің ауруханада стационарлық ем алып жатқанын хабарлады.

Кейін мемлекет басшысының кіші қызы әкесінің инсульт алып, жансақтау бөлімінде жатқанын айтты. Ал жұма күні өзбек көшбасшысының жағдайы күрт нашарлап кеткен.

Ислам Каримов 1991 жылдан бері Өзбекстан президенті болып келді. Ал 1990 жылдың наурызында Өзбек КСР басшысы болған. Кеңестік кезеңде Өзбекстан Коммунистік партиясының Бірінші хатшысы (1989-1991 жж), Өзбек КСР президенті (1990-1991 жж), республиканың Қаржы министрі қызметтерін атқарды. Оның артында екі қызы - Лола мен Гүлнар қалды.

Тағы да оқыңыздар:

Ақпарат агенттігі Өзбекстан президенті Ислам Каримовтің қазасы туралы хабарлады

Түркия премьері Каримовтің қазасына байланысты көңіл айтты

Ислам Каримов несімен ел есінде қалды? (фото)

Отандық саясаттанушы Өзбекстанда билік ауысуының ықтимал үш сценариін атады

Алматыдағы барахолка маңында өрт шықты (фото, видео)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1239821-ozbek-biligi-prezident-islam-karimov.html