RU

Өзбекстан президенті міндетін уақытша Сенат төрағасы атқаратын болды

Олий Мажлистің (парламенттің жоғарғы палатасы) Сенат төрағасы Нигматулла Юлдашев Өзбекстан президенті міндетін уақытша атқаратын болды. Бұл туралы ФАН сайтына сілтеме жасап NUR.KZ порталы хабарлайды.

Ол бұл қызметке ел Конституциясының 96 бабына сәйкес тағайындалды деп жазады өзбек БАҚ-ы. Аталмыш бапқа сәйкес, алдағы үш айдың ішінде Өзбекстан президентін сайлау өткізілуі тиіс.

2 қыркүйек күні кешкісін Ташкент президенттің қаза болғанын ресми түрде хабарлады.  Мемлекет басшысын жерлеу рәсімі 3 қыркүйек күні Самарқанда өтеді.

Тағы да оқыңыздар:

Ақпарат агенттігі Өзбекстан президенті Ислам Каримовтің қазасы туралы хабарлады

Түркия премьері Каримовтің қазасына байланысты көңіл айтты

Ислам Каримов несімен ел есінде қалды? (фото)

Отандық саясаттанушы Өзбекстанда билік ауысуының ықтимал үш сценариін атады

Шетелден келген қазақтарға атажұртқа кіруге тыйым салынып жатыр

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1239916-ozbekstan-prezidenti-mindetin-uaqyt.html