RU

Ислам Каримовті жерлеу рәсімі түскі уақытта өтеді (фото, видео)

Өзбекстан президенті Ислам Каримовтің жерлеуі Самарқанда түскі уақытта өтеді деп хабарлайды NUR.KZ порталы.

Видео "О самом важном" парақшасынан алынды.

Мыңдаған өзбек президенттің қаралы кортежін шығарып салу үшін Ташкенттің көшесінде тізілді деп жазады indianexpress.com. 1989 жылдан бері Өзбекстан президентінің тұсында 32 млн тұрғынның жартысы дүниеге келген болатын.

Таңғы сағат алтыдан әуежайға бет алған кортежді тұрғындар қызыл раушанмен көмкерді. Елдің премьер-министрі Шавкат Мирзиёев жерлеу кезінде басты аза тұтушылардың бірі болды. Бұл өз алдына оның келесі президент болуы әбден мүмкін екенін байқатады деп жазған шетелдік басылым.

Жерлеу рәсіміне әлемнің 17 елінен белді шенділер мен бірқатар басшылар қатысады деп жазады segodnya.ua. Олардың арасында Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон, Ауғанстан президенті Ашраф Гани, Түркіменстан президенті, Иранның сыртқы істер министрі Мохаммад Джавад Зариф, Қазақстан, Ресей, Белоруссия, Грузия және Қырғызстанның премьер-министрлері, Қытай, Оңтүстік Корея және Украина вице-премьерлері бар.

Жұма күні қаза болған Каримов туған жері Самарқанда жерленеді. Елде 3 қыркүйектен бастап үш күн бойы қаралы күн деп жарияланды.

 

Еске салсақ, жұма күні кешкісін Ислам Каримовтің қаза болғаны хабарланды. Ендігі Олий Мажлисаның (парламенттің жоғарғы палатасы) Сенат төрағасы Нигматулла Юлдашев Өзбекстан президенті міндетін уақытша атқаратын болады.

Тағы да оқыңыз:

Ташкенттің мыңдаған тұрғыны Каримовпен қоштасу үшін көшеге шықты (фото, видео)

Өзбекстан президенті міндетін уақытша Сенат төрағасы атқаратын болды

Мәсімов Ислам Каримовтің жерлеу рәсіміне қатысу үшін Самарқанға ұшып кетті

Өзбекстан билігі президент Ислам Каримовтің қаза болғанын хабарлады

Назарбаев Каримовтің қазасы жайлы: Досымнан айырылғаныма қайғырамын

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1240016-islam-karimovti-zherleu-rasimi-tuski-u.html